«189 рет жол ережесін бұзған»: Алматыда полицейлер 7 млн теңгеге жуық айыппұлы бар шетелдікті ұстады

11.05.2024, 17:55
1269
«189 рет жол ережесін бұзған»: Алматыда полицейлер 7 млн теңгеге жуық айыппұлы бар шетелдікті ұстады polisia.kz

Алматыда тәртіп сақшылары 6,5 млн теңгеден астам айыппұлы бар шетелдік көлік жүргізушісін ұстады. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ведомство шетелдік азамат 189 рет жол ережесін бұзып, 6,5 миллион теңгеден астам айыппұл алғанын мәлімдеді. 

Заң бұзушыны әкімшілік айыппұлдары төленбеген көлік тізгінін ұстаған жүргізушілерді анықтаумен айналысатын жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері тоқтатқан.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, күдікті жалған мемлекеттік нөмірлері бар Zeekr автокөлігінде келе жатқан. 

"Аталған көлік Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында тоқтатылды. Айыппұл бойынша берешек сомасы 6 миллион 696 мың теңгені құрады. Бұл негізінен жылдамдықты асыру, қоғамдық көлік жолағына шығып кету және белгілеу ережелерін бұзу салдарынан жиналған айыппұл. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды", – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев. 

Сондай-ақ полицейлер азаматтарға жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды дер кезінде төлеп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады