Нөсер жаңбыр, бұршақ: 12 мамырға арналған ауа райы болжамы

12.05.2024, 09:14
893
Нөсер жаңбыр, бұршақ: 12 мамырға арналған ауа райы болжамы ашық дереккөзден

Республика бойынша жел күшейеді. Батыс, оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жел соғып, бұршақ түседі.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазгидромет жексенбі, 12 мамырға арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыс, оңтүстік-шығыс өңірде нөсер жаңбыр жауады. Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанады. Республикамыздың солтүстігінде, орталығында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сипат береді. 

Республика бойынша жел күшейеді. Батыс, оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жел соғып, бұршақ түседі. Батыста, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады. Түнде және таңертең шығыста, орталық өңірлерде тұман болады.

Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының шығысында, батысында, Павлодар облысының солтүстігінде топырақ беті қатып, сынап бағаны 1,3 градус суықты көрсетеді деп болжанады. 

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Ұлытау қаласының орталығында, Ақтөбе және Абай облыстарының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының орталығында, Атырау облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының батысында өрт қаупі жоғары. 

Түркістан облысының шөлейтті аудандарында өрт қаупі сақталады. Қызылорда облысы Қазалы ауданында төтенше өрт қаупі жоғары болады деп болжанады.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады