"Назарбаевқа берген уәделерін жоюы керек": Әміржан Қосан Жаңа Қазақстанның орнауына не кедергі екенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
12.05.2024, 11:51
413
"Назарбаевқа берген уәделерін жоюы керек": Әміржан Қосан Жаңа Қазақстанның орнауына не кедергі екенін айтты dalanews

Сонымен қатар, саясаткер Назарбаевты "құбыжық құбылыс" деп атады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, саясаткер, журналист Әміржан Қосан Жаңа Қазақстанның орнауына қандай шарттар кедергі жасап отырғанын айтты. Бұл туралы Dalanews.kz жазды.

Оның сөзінше, бұған үш мәселе әсер етіп отыр. Сондай-ақ, Әміржан Қосан Жаңа Қазақстан идеясы толыққанды жүзеге асып жатыр деп айта алмайтынын жеткізді.

"Оның үш себебі бар. Біріншіден, Назарбаевтың факторы бар. Қалайсыз, қаламайсыз ба, Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз. 2019 жылы Назарбаев Тоқаевты таңдағанда өзара келісімшарттары болды. Біз оны жоққа шығара алмаймыз. Екінші фактор, ол - біздің кадрлар. Ескі кадрлармен жұмыс істеп жатырмыз. Жақында Сағынтаевты есеп-аудиторлық палатаның төрағасы қылды. Ал аудиторлық палата - Үкіметтің бюджетті қалай жұмсағанын тексеретін ұйым. Сонда қалай Сағынтаев өзінің жұмсаған ақшасына дұрыс па, бұрыс па деп баға бере алады?! Өйткені өзі премьер-министр болды ғой. Сондықтан палатаға тәуелсіз тұлғалар баруы керек. Кадрлық шешімдер Ескі Қазақстанды әлі ұстап тұрған сияқты.

Үшінші - биліктің, соның ішінде Президент Тоқаевтың саяси ерік пен жігеріне байланысты. Саяси ерік пен жігер деген - Ескі Қазақстанмен ат құйрығын кесісу. Бірінші себепте айтқан, Назарбаевпен болған уәделерді халыққа айту. ...Назарбаевқа, оның отбасына, бала-шағасына, немерелеріне, айналасына айтылған уәделерін жою керек сияқты. Соның уақыты келді. Әйтпесе ертең кеш болады", - деді ол "Сойқан сұхбатқа". 

Сонымен қатар, саясаткер Назарбаевты "құбыжық құбылыс" деп атады.

"Нұрсұлтан Назарбаев деген жарлықпен, үкіммен жұмыстан шығып қалатын тұлға емес қой. Нұрсұлтан Назарбаев деген құбылыс, бұл - процесс. Оның 30 жылда қалыптастырған салт-дәстүрі бар. Құдалықтан бастап біте қайнасқан адами қарым-қатынастары бар. Сол құбыжық құбылыс әлі билеп отыр. Қалаймыз ба, қаламаймыз ба?! Сондықтан ескі кадрлардан арылу керек. ...Трагедиялық тұлға (Назарбаев - еск.). Өйткені оның қолында мүмкіндік болды. Бір күннің ішінде ол Мемлекет басшысы болып шыға келді. Мемлекеттің жер қойнауында Менделеевтің кестесі бар. Бай мемлекеттің басшысы болып шыға келді. Егер ол 30 жылдың ішінде демократиялық, әділетті саясат жүргізген кезде әлі де отырар ма еді?" - деді Әміржан Қосан.

Айта кетейік, бұған дейін Әміржан Қосан экс-министр Тұрғымбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді.

"Бәрі де болуы мүмкін! Саяси астар да, кланаларық тартыс та, қызметінде жіберген кемшіліктері не жемқорлық әрекеттері себеп болуы мүмкін. Тіпті ол президентке не оның маңайын жақпай қалуы да мүмкін. Сол себепті ресми ақпаратты күтейік", - деген еді ол.

Әнші Тамара Асар көпшілікке отбасындағы қуанышты жаңалығын айтты «Asel пеш пен шәйнек сыйлады»: қол күрестен екі дүркін әлем чемпионы неге өкпелегенін айтты «Жүрегі айнып, қызуы көтерілді»: Маңғыстау облысында бастауыш сынып оқушылары жаппай тамақтан уланып қалды «Дубайдан пәтер алып, мол табыс табуды үйрететінін айтқан»: Қазақстандық әйел өзі қатысқан курсты сотқа берді «Елім үшін жанымды беремін»: Нұралы Әліп қазақ халқына үндеу жасады Атыраулық жігіт «танкпен» көшедегі арам шөпті шауып жүр Алматыда үйінен пышақ алып шығып, ауладағы жасөспірімге сұққан ер адамның қылмыстық ісі тоқтатылмақ болды Қырғызстан «Талибанды» тыйым салынған ұйымдар тізімінен алып тастады Бурабайда бірнеше елдің Қызыл кітабына енген саңырауқұлақ түрі табылды «Екі ай бойы кездесіп жүрдік»: қарттар үйінде танысқан жұп шаңырақ көтерді Бала зорлады деп айыпталған Amanat партиясының мүшесі жәбірленуші баланың туысы болып шықты «Директор бақылап отырған»: Атырау облысындағы мектептің дәретханасына бейнекамера орнатылғаны анықталды «Ақша жібер, баланы алдыртамын» дедім»: Алматыда 9-қабаттан секіріп кеткен жігіттің өліміне қатысты мән-жайлар айтылды «Қорыққанымнан жасырып жүрдім»: Христиан дінін қабылдаған қазақ қызы бұл сенімге қалай келгенін айтты Өскеменде «әкім орынбасары» түрмеде жатып бизнесмендерден 50 миллион теңге жинап алған Журналиске Қазақстан үкіметінің ғимаратына кіруге тыйым салынды Жахан Отарғалиевтің анасы ұлына баласы бар әйелге үйленуін өтінді Паралимпиаданың күміс жүлдегері Еркін Ғаббасовтың ипотекасы жабылатын болды «Жауын-шашын, тұман мен аяз»: Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жариялады «Бұған дейін де қызымды өлтіріп қоя жаздады»: Күйеуі 10 рет пышақтаған Әл-Бейненің анасы сотта куәлік берді (видео)