Алматы облысында полициядан қашқан мас жүргізуші жолаушылармен бірге көлік аялдамасына кіріп кеткен

Аиса Махамбет Редактор
12.05.2024, 12:32
1554
Алматы облысында полициядан қашқан мас жүргізуші жолаушылармен бірге көлік аялдамасына кіріп кеткен бейнежазбадан алынған кадр

Алматы облысының Іле ауданында көлік аялдамаға қатты жылдамдықпен келіп кіріп кеткен. Екі адам қаза болып, үш адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, оқиға 12 мамырға қараған түні болды. 

"12 мамырға қараған түні "Бүркіт-35" бригадасының полицейлері Байсерке ауылында патрульдеу кезінде ЗИЛ-131 көлігіне күдітенген. Жүргізуші полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы өтінішін елемей, қашып кетпек болған. Салдарынан жүк көлігін басқарған 49 жастағы ер адам Алматы-Жетіген тас жолының 32-ші шақырымындағы аялдамаға қатты жылдамдықпен кіріп кеткен. Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, үшеуі түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жатқызылды", – деді Алматы облысы жол полициясы басқармасының бастығы Бауыржан Әленов.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, құқық бұзушы көлікті орташа дәрежедегі мас күйінде басқарған.

"Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, көлік арнайы тұраққа орналастырылды. Жүргізушінің үстінен екі адамның өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деді Әленов.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады