Білім ордасының ішкі 3D туры іске қосылды

12.05.2024, 13:15
1029
Білім ордасының ішкі 3D туры іске қосылды primeminister.kz

Жоба аясында 740 мың орынға арналған 369 жаңа форматтағы мектеп салынады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жоба аясындағы мектептердің орналасатын орны мен толтырылуы туралы мәліметті, сондай-ақ өзекті сұрақтарға жауаптарды «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының ресми парақшасынан табуға болады. Бұл жайында Оқу-ағарту министрлігі бірыңғай оператор Samruk-Kazyna Construction-ға сілтеме жасап мәлімдеді. 

Үш деңгейлі үлгіде мектептің ішкі құрылысы, сыныптардың, асхананың, спорт залдарының, дәліздің орналасуы көрсетілген.

Көріністер мейлінше шынайыға жақындатылған, мұнда интерьер дизайнын, жиһаздарды, безендірілуін тамашалауға болады.

Бұдан басқа кері байланыс нысаны арқылы кез-келген сұраққа жауап алуға болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен оқушы орнының тапшылығын шешу, апаттық жағдайдағы және үш ауысымды мектептерді жою мақсатында Қазақстанда «Жайлы мектеп» жобасы жүзеге асып жатыр.

Жоба аясында 740 мың орынға арналған 369 жаңа форматтағы мектеп салынады, оның 217-сі осы жылдың соңына дейін, қалған 152 мектеп 2025 жылы пайдалануға беріледі.

Бұған дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі заманауи эргономикалық және қауіпсіз білім ортасын құру мақсатында қажетті нормативті құқықтық база әзірленіп, мектеп құрылысы кезіндегі талаптарды белгілеген болатын.

Сонымен қатар болашақ жайлы мектептерде оқу процесін тиімді ұйымдастыру және оны сапалы кадрлармен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүріп жатыр. 

3D турды мына сілтемеде тамашалауға болады.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды