Ақтөбеде су тасқыны кезінде жарамсыз күйге түскен көпір жанынан уақытша жол салынды

Аиса Махамбет Редактор
12.05.2024, 17:16
907
Ақтөбеде су тасқыны кезінде жарамсыз күйге түскен көпір жанынан уақытша жол салынды Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Ақтөбеде Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз бағытындағы жолдың Қандыағаш-Ембі қалалары аралығы қолданысқа берілді. Мұнда жолды су шайып, көпір де жарамсыз күйге түскен еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, көктемгі су тасқыны кезінде Ақтөбеде барлығы 136 шақырым жол мен 15 көпір зақымданды

Соның ең ірісі Ембі мен Ойылда орналасқан. Қазіргі кезде Ойылда айналма жол салу жұмысы жүріп жатыр. Онда понтон көпір қолданыста бар. Ал республикалық маңызы бар "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз" автомобиль жолының 3-92 шақырымындағы Қандыағаш - Ембі қалалары аралығында жол учаскесі ашылды. 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, су тасқыны кезінде жарамсыз болып қалған көпірде бұған дейін көлік қатынасы уақытша тоқтаған. «ҚазАвтоЖол» филиалының басшысы Айбол Данағұлдың сөзінше,47 жыл бұрын пайдалануға берілген көпір қайта қалпына келтірілмейді. «ҚазжолҒЗИ» мекемесі мамандарының бұған қатысты шешімі де бар. Көпірдің жанынан жаңасы салынады.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды