"Қалай темекі шекпейсің?": дипломаттың әйелі отбасылық өмірі мен көрген зорлықтарын айтты (видео)

Аиса Махамбет Редактор
12.05.2024, 17:55
769
"Қалай темекі шекпейсің?": дипломаттың әйелі отбасылық өмірі мен көрген зорлықтарын айтты (видео) бейнежазбадан алынған кадр

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан Республикасы төтенше және өкілетті елшінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың әйелі Карина Мамаш күйеуімен қалай танысқанын, отбасылық өмірі мен енесі жайлы айтып берді. Бұл туралы KYN.KZ жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Карина күйеуімен небәрі 15 жасында әлеуметтік желі арқылы танысқанын, жасы үлкен, ақыл тоқтатқан жігітті жақсы көре бастағанын айтады.

TamariDZE-ге сұхбат берген Карина күйеуімен небәрі 15 жасында әлеуметтік желі арқылы танысқанын, жасы үлкен, ақыл тоқтатқан жігітті жақсы көре бастағанын айтады. Осылайша 2 жылдық қарым-қатынастары үйленуге дейін жетеді. 

"17 жаста болатынмын. 2 күн қол ұстасып кездестік. 3-кездесуде ол мені алып кетті. Әрине анам таң қалды. Кейін оның дипломат екенін білді. Сол күні полиция бөлімшесінде "оның үлкен екенінен ұялмайсың ба?" сарынында сұрақ қойылды. Ал мен болсам 9 жасында әкесінен айрылған, әке махаббатына зәру қыз едім", - деген ол Сәкен Мамаштың да 3 жасында әкесіз қалғанын айтады.

Карина енесін өте қатты жақсы көретінін, танысқан күннен өзін ұнатқанын, 9 баласынан бүгінде 3 баласы ғана жер басып жүргенін, алайда енесінің де о дүниелік болғанын айтып, оған "мықты әйел" ескерткішін қою керек деді. 

"Мен оны жақсы көрдім, қорықтым. Оның бір күшті көзқарасы болатын. Мен оны шомылдырдым, маникюр, педикюр жасадым. 

Мен қазақша өте аз білетінмін. Ол тамақ ішпегенім үшін ұрысатын.

Бір күні Шымкентке тойға шақырды. Мен де жаңа түскен келінмін. Маған орамал тағып барасың деді. Ал мен шашыма прическа жасап, әдемі көйлекпен барғым келді. Ал Сәкен болса, "Жоқ, болмайды" деді. Бұны естіген анам "қалай қалайды солай барсын" деді. "Әйеліңді жылатпа. Оның көз жасы сені ешқайда жібермейді" деді", -деп ол көз жасына ерік берді.

Ал Брюссельде жүргенде енесі болмағанын айтқан ол, онда қатты соққы алғанын айтады. 

"Басқалардың жанында басқа, менің жанымда мүлде басқа. Өзінің жақын достары арасында бетперде кимейді. Мені төмендетіп, балағаттай алады. Оның достары да әйелдеріне сондай қарым-қатынас жасайды. Ең сорақысы не білесіз бе? Бір күні оның досының әйеліне бәрін жайып салғам. Оның асылында қандай адам екенін, маған қалай зорлық зомбылық жасайтынын айтқанымда "Карина, сенің не айтқың келгенін түсініп тұрмын" деді. Олар үшін әйел жеке меншік дүние. Әйел бала туады, қалағанын істейді.

10 жыл бойы ұрып-соғып келді. Осы уақыт аралығында бір де бір рет кешірім сұрамады. Енді жұмысынан айрылатынын ойлағанда бірінші рет кешірім сұрады. Үнемі мені кінәлі қылды. Темекі шегеді деді, қалай шекпейсің мына жағдайдан кейін?", - деді ол. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың әйелі Карина Мамаш «НеМолчи» қорына көмек сұрап жүгінген. Әйелдің айтуынша, дипломат күйеуі оны үнемі ұрып-соғып, зорлаған. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі дипломатты БАӘ-ден кері шақырып алғанын хабарлады. Астана полициясы қылмыстық іс қозғады. Карина Мамаш әпкесі және балаларымен Қазақстанға оралды.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды