Жайық өзенінен Атырау маңындағы 5 елді мекенге қауіп төнуі мүмкін

13.05.2024, 18:19
399
Жайық өзенінен Атырау маңындағы 5 елді мекенге қауіп төнуі мүмкін Фото: Атырау облысының әкімдігі

Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Атырау қаласының маңындағы 5 елді мекенге қауіп төнуі мүмкін.

 

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің айтуынша, алдағы күндері Жайық өзеніндегі су деңгейі ең жоғары шегіне жетуі мүмкін.

«Атырау облысында су тасқынының қаупі әлі де күрделі күйде қалып тұр. Қазір Жайық өзенімен ағып келетін тасқын судың көп мөлшері Атырау облысының аумағына кірді. Күн сайын Индер, Махамбет аудандары мен Атырау қаласындағы гидробекеттерде су деңгейінің көтерілу көрсеткіші тіркеліп отыр. Индер және Махамбет ауданында су деңгейі қауіпті шектен асып кетті. Бірақ, өзен жағалауында салынған бөгет елді мекендерді су басу қаупінен қорғап тұр», - деп хабарлады Жасұлан Бисембиев.

Әкім орынбасарының айтуына қарағанда, бүгін түнде Индер ауданында ескі құбыр арқылы тасқын су елді мекен аумағына кірген.

«Индербор кентінде дер кезінде тасқын суды тоқтатуға қатысты қажетті іс-шара қабылданды. Соның нәтижесінде тасқын су басу қаупі сейілді», - деді Жасұлан Бисембиев. 

Ал, Атырау қаласында Жайық өзенінің жағалауына 250 шақырымнан астам бөгет тұрғызылған.

«Қазір Атырау қаласының маңындағы Бесікті, Алмалы, Талғайраң, Ақжар, Ақсай елді мекендері су басу қаупі басым аумақта қалып отыр. Осыған байланысты Жайық өзенінің жағалауында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды», - деп мәлім етті Жасұлан Бисембиев.

Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады Украинадағы жағдай ушықты: Бектенов шұғыл жиын өткізді «Еліміздің барлық аймағында дерлік күн бұзылады»: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады «Қатты ауырып жатыр»: Жанқош Тұраровтың әлі күнге дейін тергеуге бармағаны белгілі болды «5 млн дейін береді»: Ләйлә Сұлтанқызы Шымкент өңіріндегі қалың малдың қанша екенін жариялады