Шымкент мешітіндегі төбелес: Имам оқиға барысын айтып берді

15.05.2024, 10:22
953
Шымкент мешітіндегі төбелес: Имам оқиға барысын айтып берді Бейнежазбадан

Әлеуметтік желіде мешітте намаз оқып тұрған ер адамды соққыға жыққан тұрғынның видеосы тарады.

Бүгінде оқиғаның мән жайы тексеріліп жатыр. Ал құқық бұзушылық орын алған мешіт имамы жағдайдың қалай болғанын айтып берді. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.

Шымкентте өзге мәзһабта намаз оқыған ер адам соққыға жығылды. Оқиға қаладағы Абдуссаттар Сманов мешітінде орын алған. Видеодан мешітте намаз оқып жатқан жамағатты көруге болады. Бір сәтте ер адам күтпеген жерден қасында тұрған азаматты ұрып құлатып, аяғымен тепкілей бастайды. Құқық бұзушылық орын алған мешіт имамы бұл оқиғаның мән жайын түсіндірді.

Берік Шотабеков, Абдуссаттар Сманов мешітінің имамы: «Өзге өңірден келген 10-15 шақты азаматқа намаз алдында имам бірнеше рет ескерту жасаған. Бізде ҚМДБ бойынша, ішкі тәртіп бойынша бүкіл Қазақстан аумағында Ханафи мәзһабында «әминді» іштен айтылады деп ескертілді. Және де осы ескертуге құлақ аспастан бірнеше рет намазды бұзуға, имамның жұмысына кедергі жасаған азаматқа шыдай алмаған жамағатымыз оны қатты эмоцияға беріліп, қол жұмсап жіберді»

Бүгінде оқиғаның мән жайын полиция тексеріп жатыр. Белгілі болғандай бұл жағдай 12 мамыр күні кешкі 19:00 шамасында орын алған.

Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі: «Оқиға қатысушылары полицияға арызданды. Тағайындалған сараптамалардың нәтижесімен процессуалды шешім қабылданады»

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешітке келуші жамағатты мешіт ережесіне бағынуға, сонымен қатар құлшылық үйінде сабыр сақтап, көркем мінез танытуға шақырады. Ескерте кетсек, бекітілген «Мешіт ережесі» бойынша Қазақстан мұсылмандарының ауызбіршілігі мен біртұтастығын қамтамасыз ету үшін еліміздегі намаз бен діни рәсімдер Әбу Ханифа мәзһабы бойынша орындалады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды