Әнші Қайрат Нұртас Қарағанды әкімінің ашуын тудырды

16.05.2024, 11:10
781
Әнші Қайрат Нұртас Қарағанды әкімінің ашуын тудырды Бейнежазбадан

Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Қожықов аялдамаларда бей-берекет ілініп тұрған жарнамаларға шүйлікті.

Әкім сол жарнамаларды жабыстырып кететін тұрғындарды коммуналдық қызмет өкілдерінің жұмысына құрметпен қарауға, қаланың тазалығына мұқият болуға шақырды. Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Елестетіп көріңізші, өз үйіңізде не пәтеріңізде өмір сүріп жатырсыз, терезеңізге біреулер хабарландыру іліп кетеді, оны жуып-тазаласаңыз, тағы іліп кетеді, тағы тазалайсыз, ендігіде кетпейтін желіммен жабыстырып қояды. Ішің ашиды, ренжисің, ашуланасың, солай ма? Біздің аялдамаларға осындай бей-берекет жарнамалар жабысып тұрғанын көрсем, менің де ашуым келеді. Сондай адамдардан әлеуметтік желілер не үшін деп сұрағың келеді? Қалай болсын солай ілінген хабарландырудан қарағанда әлеуметтік желілердің қамтитын аумағы кеңірек. Уақыт өте келе бұл хабарландырулар тіпті қорқынышты көріне бастайды. Ал біздің жігіттер соның бәрін жақсылап жуады. Әсіресе кетпейтін желімді жуудың азабын айтыңыз.

Әр аялдамаға хабарландыруларға арналған тақтайша іліп қойдық, сол жерге жабыстырыңыз. Егер бұл доғарылмаса, онда қалай болсын солай жазалаймыз. Амал жоқ, - деп ескерту жасады әкім.

Тиісті жерге ілінбеген Қайрат Нұртастың концертінің хабарландыруы да қала басшысының ашуын туғызды.  

Жарнама агенттерімен сөйлесіңіздер. Бұл жерде дұрыс болғанымен, олар ғимараттардың қабырғаларына, өтпелдерге, аялдамаларға да іліп кетеді. Мұндай болмауы керек. Қайрат Нұртасты ешқашан тыңдамағанмын. Оның сүйкімді түрі барлық жерде ілулі тұр, тіпті тыйым салынған жерлерде де, - деді ол.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады