FlyArystan әуе компаниясының KC7141 рейсі кезінде жолаушылардың бірі өзін нашар сезінген. Соған байланысты ұшақ Астанаға шұғыл қонған, деп хабарлайды Qazaqstantv телеграм арнасы.
Әуе компаниясының мәліметінше, экипаж алғашқы медициналық көмек көрсетіп, дәрігермен бірге стюардессалар дефибриллятор арқылы жүрек-өкпе реанимациясын жасаған.
– Командирдің шешімімен жолаушыға медициналық көмек көрсету үшін ұшақ Астана әуежайына шұғыл қонды. Әуе компаниясының стюардессалары әуежайға келгенге дейін жүрек-қан тамырлары массажын жасады. Өкінішке қарай, Астана әуежайының дәрігері жолаушының қайтыс болғанын растады, - делінген хабарламада.