Үздік оқу орындарының бірі Maqsut Narikbayev University оқу грантын ұтып алуға мүмкіндік бермек

16.05.2024, 18:35
850
Үздік оқу орындарының бірі Maqsut Narikbayev University оқу грантын ұтып алуға мүмкіндік бермек

ЕЛІМІЗДІҢ ЖЕТЕКШІ УНИВЕРСИТЕТТЕРІНІҢ БІРІНЕ ГРАНТ ҰТЫП АЛУ МҮМКІНДІГІНЕ ИЕ БОЛЫҢЫЗ!

SMARTNEWS.KZ басылымы Maqsut Narikbayev University 11 және 12 сынып оқушыларына, сондай-ақ колледж түлектері мен магистратура бағдарламаларына түсетін үміткерлерге арналған Maqsut Narikbayev Scholarship атты республикалық олимпиадасының басталғанын хабарлайды.

Олимпиада үш кезеңнен тұрады және дарынды талапкерлерге университеттің білім беру бағдарламалары бойынша оқу грантын ұтып алуға мүмкіндік береді.

Бакалавриат үшін Maqsut Narikbayev Scholarship олимпиадасының кезеңдері:

1. Тіркелу және мотивациялық хатбұл олимпиадаға қатысудың алғашқы қадамы, онда қатысушылар осы университетте білім алуға деген қызығушылығы мен мақсаттары туралы таныстыру керек.

2. ТестілеуUSTUDY Аймақтық тестілеу орталықтарында офлайнформатта өткізіледі және қатысушылардан бейіндік пәндер бойынша білімдерін көрсету талап етіледі.

3. Сұхбаттасу – үміткерлер өздерінің жеке қасиеттерін және таңдалған бағдарлама бойынша оқуға деген ынтасын айқындай алатын соңғы кезең.

M. Narikbayev Scholarship үміткерлері қабылдау комиссиясына таңдалған білім беру бағдарламасының шекті балдарына сәйкес келетін ҰБТ сертификатын, сондай-ақ шет тілін білу деңгейін растайтын сертификатты ұсынуы керек. Сонымен қатар, Жоғары құқық мектебінің бағдарламалары үшін Qaztest нәтижелерін және белгіленген талаптарға сәйкес мотивациялық эссе ұсыну қажет.

Магистратураға арналған M. Narikbayev Scholarship олимпиадасының кезеңдері: 

1.Тіркелу: жеке куәлікті, университетті бітіргені туралы дипломды немесе оқу орнынан анықтаманы, сондай-ақ түйіндемені жүктеу қажет

2.Study plan және мотивациялық хат жазу керек

3.Соңғы кезеңсұхбат. Сұхбаттасу университеттің жоғары мектептерінің өкілдерімен өткізіледі.

Maqsut Narikbayev стипендиясына үміткерлер қабылдау комиссиясына толық кешенді тестілеуден өткені туралы сертификат ұсынуы керек. Бұл сертификат қолданыстағы қабылдау талаптарына сәйкес таңдалған білім беру бағдарламасы үшін белгіленген шекті балға сәйкес келуі керек.

Олимпиадаға қатысу шарттары туралы толығырақ: https://lp.mnu.kz/olympiad

Қосымша ақпарат: +7 (747) 912-12-89  (Алмас), +7 (776) 107-01-76 (Гүлжанат). e-mail: PR@kazguu.kz

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген