«Қорқамын»: Блогер Damelya Sweet соңынан белгісіз жігіт қалмай жүргенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
17.05.2024, 15:15
1558
«Қорқамын»: Блогер Damelya Sweet соңынан белгісіз жігіт қалмай жүргенін айтты жеке парақшасынан

Жастар арасында «Damelya Sweet» лақап атымен танымал блогер Дамелия Бектұрсынова соңына белгісіз жігіт түсіп, өзін аңдып жүргенін айтты. Блогер жалғыз жүріп-тұруға қорқып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Damelya Sweet соңынан қалмай жігіттерге ескерту жасады. 

“Мен парақшамда жағымсыз дүниелер туралы сирек айтамын. Бірақ шыдамның да шегі бар. Бір ай уақыт болды, бір адам менің соңыма түсіп алды. Барынша менің көңілімді аулағысы келетін көрінеді. Бірақ мұнысы әдепке жатпайды. Маған өтірік адамдар жіберіп, сөйтіп сыртқа шығарудың амалын жасайды. Үйіме келіп алып, маған “сыртқа шық” дейді. Егер мұндай нәрсе тағы қайталанса, ренжімеңдер, жеке деректеріңді жариялаймын. Мұның сендерге де, мені оқитын отбасыңдағы адамдарға да ұнай қоймайтыны анық. Сол себепті бір-біріміздің жүйкемізді тоздырмайық. Менің жүйкемнің саулығы сендердің маған деген көңілдеріңнен де қымбат”, – дейді блогер.  

Ол алаңсыз жүруден қалған. Блогер үнемі үрейде өмір сүруден шаршаған.

“Жалғыз қалуға қорқып жүргеніме бір ай болды. Жалғыз жүрмеймін, отырмаймын. Мен қорқамын, түсініңдерші. Өтініш, доғарыңдар! Осы уақытқа дейін шыдап келдім. Бірақ шаршадым. Мұндай нәрсе қайталанса, ренжімеңдер”, – деп жазды Дамелия.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді