Бетперде таққан жігіт жертөледе тұратын тағы бір отбасыны қуантты (ВИДЕО)

18.05.2024, 09:51
4239
Бетперде таққан жігіт жертөледе тұратын тағы бір отбасыны қуантты (ВИДЕО) коллаж smartnews.kz

«Человек в маске» қоры бұл жолы бір отбасыға баспана алуға және ондағы эпилепсия диагнозы қойылған кішкентай бүлдіршіннің еміне көмектесті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Человек в маске» атымен танымал бетперде таққан құпия жігіт тағы бір отбасыны қуантты.

Ол бұл жолы жертөледе тұратын Кәусардың науқас сіңілісіне қаржылай көмек көрсетіп, оларға жаңа баспана сыйлады.

«Менің атым Кәусар. Жасым 12–де. Сіңілім бар, диагнозы эпилепсия, талмасы ұстап қалады. Әлі жүрмейді. Ал анам ет дүкенінде еден жуушы болып жұмыс жасайды. Кейде темір тапсырады», – дейді кішкентай Кәусар өз сөзінде.

Кәусардың айтуынша, олардың тұратын жеріне нашақорлар кіріп келген сәттер болған.

«Біз жертөледе тұрамыз. Бұнда көп қиындықтар болады. Кейде ішіп алған адамдар, кейде нашақорлар кіріп кетеді. Ыстық судың құбырлары атылып кетеді, мұнда тарақандар бар», – дейді ол.

Кішкентай Кәусар осы уақытқа дейін Құдайдан үміт үзбегенін айтты.

«Мен түсінемін анама қалай қиын екенін. Бірақ қолымнан ештеңе келмейді.

Анам намаз оқып, Алладан көмек сұрайды. Бізді Алла Тағала тастамайтынына сенеміз», – деді қаршадай қыз.

Тығырыққа тірелген отбасыға бетперделі жігіт жаңа баспана сыйлады. Сондай-ақ Кәусардың сіңілісіне ем-дом жасатпақ.

«Бүгін сол себептен біз осындамыз. Жақында сенің сіңілің емделуге барады. Және сендер баспаналы болдыңдар», – деді бетперде таққан жігіт.

Желі қолданушылары «Человек в маске» қорына алғысын жаудырып, кішкентай Кәусардың қайсарлығына тәнті болды.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды