«Әйел көп еркекпен қосылса, инфекция жұқтырады»: желіде дау туғызған мәлімдемені дәрігерлер жоққа шығарды

Аиса Махамбет Редактор
18.05.2024, 13:51
1762
«Әйел көп еркекпен қосылса, инфекция жұқтырады»: желіде дау туғызған мәлімдемені дәрігерлер жоққа шығарды бейнежазбадан алынған кадр

Блогер «ер адам көп әйелмен қосылса қауіпсіз, ал әйел көп еркекпен қосылған еркектерге инфекция жұқтырады» деген еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде блогер Жанәділ Райымбековтың жыныстық инфекцияның таралуы туралы пікірі қызу талқыланып жатыр. Ол әйел адам бірнеше еркекпен қосылса, міндетті түрде инфекция пайда болатынын, ал көп әйелі бар еркек өзінің әйелдерімен қосылса, ол инфекция таратпайтынын айтады. KAZ.NUR.KZ басылымы бұл пікірдің ғылыми негізін уролог және гинеколог маманнан сұрады.

Жанәділ Райымбеков жыныстық қатынас жолымен инфекция қалай жұғатынын айтқан.

"Әйел адам көп еркекпен қосылса, ол міндетті түрде инфекция таратады. Көп әйелі бар еркек өзінің көп әйелімен қосылса, ол ешқашан таратпайды екен. Ол ғылыми дәлелденген. Ал енді инфекция қайдан келеді дейтін болсаңыз, әйел бөтен еркекпен қосылса, инфекция келеді. Бөтен еркек әйелге қосылды ма бірден инфекция таралады. Шариғатта ажырасқан әйел төрт ай ажырасатын күйеуімен бірге тұруы керек, аяғы ауыр болып қалса, баланың кімнен екенін білу үшін және әйел бірінші күйеуімен қарым-қатынасынан тазару үшін", - дейді ол.

Блогердің бұл пікірі желіде қызу талқыланды.

"Денсаулық сақтау министрлігі, қоғамға қауіпті адамды бақылауға алыңыздар", "Инфекцияны таза әйеліне жұқтыратын еркектер" деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Жанәділ Райымбековтің сөзін медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары категориялы гинеколог Шолпан Сармулдаева жоққа шығарды. Оның сөзінше, бірнеше серіктесі бар әйел де, еркек те аурудың таралу қаупін туғызады.

"Жыныстық жолмен берілетін аурулардың қоздырғыштары ерлерде де, әйелдер де бар. Бірнеше жыныстық серіктесі болса, еркек те, әйел де жыныстық жолмен берілетін және жамбас қабыну аурулары үшін қауіп тобына жатады. Ер адам өзінің әйелдерімен ғана жыныстық қатынаста болса да ол бәрібір оларға басқа біреудің микрофлорасын бір әйелден екіншісіне алып келеді. Яғни, жыныстық ауруларды тудыру ықтималдығы бар", - деді гинеколог.

Астаналық уролог, республикалық диагностикалық орталық Максет Рысбаев та әріптесінің сөзін мақұлдады. Сөзінше, инфекциялық ауру тарату жынысқа, жасқа бөлінбейді.

"Инфекция жыныс, жас таңдамайды. Ер мен әйел жыныстық қатынасқа түссе, біріншісінен екіншісіне жұғып кете береді. Ер адамнан әйелге, әйелден ерге жұға береді. Анализ тапсырған кезде ер адам сау деп танылып, әйелде вирус табылуы немесе керісінше әйел адам сау болып, ер адамда бар деп көрінуі мүмкін. Тапсырылған анализге байланысты. Әйел адам гинекологқа барып, қажетті жерден анализ алмаса, вирус бар екені анықталмай қалуы мүмкін де, еркектен шығуы мүмкін. Еркек несеп тапсырса, одан шықпауы мүмкін де, әйел жағынды тапсырса одан вирус анықталуы мүмкін. Ол қандай анализ тапсыратынына байланысты. Хламидия, трихомониаз, гонорея, сифилис сияқты жыныстық ауруы бар адаммен сақтанбаған қатынасқа түссе, 100 пайыз жұғады",- деді ол.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол