«Ісім сендермен болсын». Ырысбала Икрамбай ұлы балабақшада шошынып қалғанын айтты (фото)

Аиса Махамбет Редактор
18.05.2024, 14:30
1198
«Ісім сендермен болсын». Ырысбала Икрамбай ұлы балабақшада шошынып қалғанын айтты (фото) жеке парақшасынан

Блогер балабақшаға айына 200 мың теңге төлейтінін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал блогер Ырысбала Икрамбайдың ұлын балабақшада басқа бала тістеп алған, салдарынан ол шошынып, ұйықтай алмай қиналып жатқанын айтты. Бұл туралы Massaget.kz жазды.

Блогер балабақшаға айына 200 мың теңге төлейтінін, алайда мекеменің қарапайым бейнебақылау камерасы жұмыс істемейтінін жазған.

"Қаным қарайып отыр. Бетіне күн түсірмей, баланы қатарына қосамын деп шапқылап жүресің. Бұлар "кешіріңізші, үлгермей қалдым, байқамай қалдым, балалар ғой" деп ыржиып отырады. Барып жүргенімізге 3 ай болса да, камерасы әлі толық қосылмайды, алтыннан өріп жасайды", - дейді ол.

Ырысбала Икрамбайдың жазбасы. Скриншот: Instagram/ irisbala__ikrambai_official

Ырысбала Икрамбай баласы балабақшада шошынып қалғанын да жеткізді.

"Қолынан тістеп алған, соның кесірінен шошып, жылап, қайта-қайта оянып жатыр. Ісім сендермен болсын енді. Балаларға қарамайтын болсаңдар, балалар бір-бірін ұрып, тістеп, өз бетімен жүретін болса, атамның басына балабақша болып, ақшасын алып отырсыңдар, оған қоса арзан емес, айына әр балама 200 мың теңге төлеймін.

Балаларым бұлай тістеліп, ұрынып, соғынып үйде де жүреді. Instagram желісінде немесе сөзбен ғана әдемі уәделерді үйіп-төкпей, іске көшеміз. Балаларымыз тістеліп келіп, түнімен шошып жатсын деп емес, дұрыс тәрбие алсын, әдемі орта қалыптастырсын, дамысын деп жібереміз", - деп ашуланды ол.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді