Жыл басынан бері 19 бала есірткі таратқан: ІІМ үндеу жасады

18.05.2024, 18:34
689
Жыл басынан бері 19 бала есірткі таратқан: ІІМ үндеу жасады Олег РУКАВИЦЫН

Нашақорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыруда отбасының айрықша рөлін ескере отырып, ІІМ ата-аналарға жазғы демалыс қарсаңында балалар өміріне барынша көңіл қою керектігін ескертеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жыл басынан бері есірткі таратқаны үшін кәмелетке толмаған 19 бала ұсталды. Осыған байланысты ІІМ үндеу жасады.

"Кез келген отбасы есірткі құрығына тап болуы мүмкін. Жыл басынан бері 19 жасөспірім есірткі қылмыстары үшін ұсталды. Жастар есірткі таратудың және жарнамалаудың құқықтық салдары туралы білсе де, олардың кейбірі есірткінің заңсыз айналымынан бас тартар емес.

Нашақорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыруда отбасының айрықша рөлін ескере отырып, ІІМ ата-аналарға жазғы демалыс қарсаңында балалар өміріне барынша көңіл қою керектігін ескертеді. Өз балаларыңыздың араласатын ортасын білу, олар пайдаланатын интернет-ресурстарды бақылау аса маңызды. Заттарының ішінен медициналық препараттардың қорабын, фольга немесе шыны түтікшелер байқасаңыз, елеусіз қалдырмаңыз.

Мұның бәрі синтетикалық есірткі тұтынуға арналған болуы әбден мүмкін. Сабақтағы үлгерімінің нашарлауы, сабаққа бармауы және араласатын ортасының өзгеруі ата-ана назарынан тыс қалмауы керек. Агрессия, аяқастынан көңіл күйінің өзгеруі, шаршаңқы күйге жиі түсуі де есірткі тұтынып жүргенінің белгілері болуы ықтимал. Баланың бойынан үш немесе одан да көп осындай белгілер байқалса, тез арада шара қолдану қажет. Ақша жұмсауы жиілесе немесе қаражаты көп болса, бұл да алаңдауға тұрарлық мәселе. Өйткені баланы есірткі тұтынуға ғана емес, оны таратуға да тартуы мүмкін.

Егер баланың телефоны мен мессенджерлерінен геолокация көрсетілген суреттер, үй қабырғалары мен бағандардағы штамптарды байқасаңыз, бұл да күмән тудыратын жайт. Себебі онда есірткі жасырылған жерлер көрсетілуі мүмкін. Нөмірлер және түрлі сайттардың сілтемелері жазылған тізімге, изолентаға оралған заттарға да назар салғаныңыз абзал. Есірткі қылмыстары үшін жауапкершілік 16 жастан басталатынын естеріңізге саламыз", – деді департамент бастығы, ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды