Тойда Құран сүрелерін қосуға бола ма? – ҚМДБ жауап берді (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
19.05.2024, 10:29
898
Тойда Құран сүрелерін қосуға бола ма? – ҚМДБ жауап берді (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Ресми сауалға жауап берген ҚМДБ төрағасының орынбасары, Наиб имам Сансызбай Шоқановтың айтуынша, шариғатта Құран сүрелері мен аяттары қуанышта да, қайғыда да оқыла береді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жаңаөзендегі тойда жастар «Жар-жардың» орнына Бақара сүресін қосып қойғаны әлеуметтік желіде тараған болатын. Дінтанушы Мұхитдин Паттеев бұл әрекетті өрескел қате екенін айтты. Azattyq Ruhy тілшісі тойда Құран сүрелерінің оқылуына қатысты ҚМДБ басшысы Наурызбай қажы Тағанұлының атына ресми сауал жолдады.

Ресми сауалға жауап берген ҚМДБ төрағасының орынбасары, Наиб имам Сансызбай Шоқановтың айтуынша, шариғатта Құран сүрелері мен аяттары қуанышта да, қайғыда да оқыла береді. Бастысы оқылатын орны таза әрі Құран оқылғанда оған құлақ асып тыңдау тиіс.

«Тойды қуаныштың нышаны ретінде көтеріңкі көңіл күймен өткізу керек. Оны Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) тойды дабыл соғып, шариғатқа қайшы емес өлеңдерді айтуға рұқсат бергені қуаттайды. Тойдағы бөтен болған жас әйел кісілер мен ер адамдардың бөлек отыруы шариғат бойынша құп көріледі. Тойды өткізу барысында жергілікті қалыптасқан үрдістермен жүргізген жөн. Егер тойды Құран Кәріммен бастауды қаласа, онда оны тыныш отырып тыңдауды қадағалауы тиіс. Сол үшін Құранды барлығы құлақ асып тыңдайтын уақытка қою керек. Тойға қатысты арнайы пәтуа шықпады», – дейді ол.

Имамның айтуынша, дәстүрді діннен бөлек қарастырудың қажеті жоқ.

«Өйткені қазақ халқының салт-санасы, әдет-ғұрпы, әдебиеті мен мәдениеті мұсылмандыққа бейімделіп, ақырында Ислам діні халық ділімен біте қайнасып, ұлттық болмыстың ажырамас бөлгіне айналды. Біздің барлық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыз шариғатқа сай десек қателеспейміз», – дейді ол.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады