Fitch рейтингі: Қазақстанның тәуелсіз кредиттік деңгейі "тұрақты" деп бағаланды

19.05.2024, 11:50
841
Fitch рейтингі: Қазақстанның тәуелсіз кредиттік деңгейі "тұрақты" деп бағаланды Google Images

Fitch халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингінің "BBB" деңгейінде екенін растап, тұрақты деп баға берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ұлттық экономика министрлігі еліміздің рейтингін көрсететін негізгі факторлардың қатарына – елеулі сыртқы буферлер, шетел валютасындағы резервтер, тұрақты фискалдық жағдай, мемлекеттік қарыздың төмен деңгейі, сондай-ақ сыртқы тәуекелдерге орташа әсер еткенін мәлімдеді.

Fitch Ratings сарапшылары валюталық резервтердің одан әрі нығаюын, импорттың қалыпты артуымен және мұнай өндіру мен экспорт көлемінің ұлғаюы аясында кезекті шот тапшылығындағы қысқартуды болжап отыр.

Fitch пікірінше, бюджет шығыстарының өсуін шектейтін жаңа фискалдық ережелер және Қазақстанның ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт салық-бюджет саясатын нығайтуға тиіс.

Бұған қоса, Fitch қайталама санкцияларды енгізудің салыстырмалы түрде төмен тәуекелдерін және олардың Қазақстан экономикасына әсерін атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін мерзімі 90 күннен өткен берешегі бар азаматтарға кредит беруге тыйым салынғанын жазған едік. Мерзімі өткен берешекті реттеу бойынша қарыз алушылардың құқықтарын қорғау үшін төлем мерзімін өткізіп алған кезден бастап 24 айға дейін жеке тұлғалардың талап ету құқықтарын коллекторлық агенттіктерге беруге шектеу енгізіледі және берешекті реттеудің кемінде бір рәсімін міндетті түрде жүргізгеннен кейін ғана беруге рұқсат етіледі.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды