Біз оны Тасқынбай деп атаймыз: Құлсары тұрғыны ТЖ кезінде алғашқы сәбиін өмірге әкелді

Аиса Махамбет Редактор
19.05.2024, 15:55
558
Біз оны Тасқынбай деп атаймыз: Құлсары тұрғыны ТЖ кезінде алғашқы сәбиін өмірге әкелді бейнежазбадан алынған кадр

Жас ана Жұлдыз Жандосқызы босанғаннан кейін бірден Құлсарыдан эвакуацияланған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазіргі уақытта сәби анасымен бірге үйде. Су тасқыны кезінде жас отбасының үйі зардап шеккен жоқ. Бұл туралы Aikyn.kz жазды.

- Толғағым қысып Жылыой аудандық ауруханасына сағат 00.00-де түстім, ұлымды 5 сәуірден 6 сәуірге қараған түні дүниеге әкелдім. Балам үшін аздап қорқынышты болды, бірақ дәрігерлер бәрі жақсы болады деп сендірді. Мен және тағы бір босанған әйел бірнеше сағаттан кейін Бейнеуге көшірілдік - дейді Жұлдыз Жандосқызы. 

Бұл жас ананың алғашқы сәбиі. Атасы мен әжесі оны Бекзат деп атауға шешім қабылдады. Бірақ сәби тасқын кезінде өмірге келгеннен кейін, туыстары оны "Тасқынбай" деп атап кеткен.

- Жылыой аудандық ауруханасының дәрігерлеріне сын сағатта жанымызда болып, ұлым екеумізге  күтім көрсеткені үшін алғыс айтамын. Тіпті, Бейнеу қаласына эвакуациялау кезінде де жанымызда бірге болды.  Бейнеулік дәрігерлерге, шығарылғанға дейін көмек пен қолдау көрсеткені үшін көп рахмет, - деді жас ана. 

Еске сала кетейік, ТЖ кезінде Атырау облысында Құлсары қаласынан перзентханадан 12 әйел эвакуацияланды, оның ішінде 8 жас босанған ана мен 5 жүкті әйел медициналық ұйымдарға эвакуацияланды.

Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады