Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды

20.05.2024, 12:14
713
Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды canva.com

Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары Мақсұт Исаховқа қатысты сот үкімі шықты.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Сотта Қылмыстық кодекстің 367-бабы 4-бөлігімен («Аса ірі мөлшерде пара беру») бойынша қозғалған қылмыстық іс қаралды.

Мақсұт Исахов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары бола тұра, Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігінің 3) тармағымен Шымкент қаласы ҰҚК департаментінде әкімшіліктің лауазымды тұлғаларына қатысты қозғалған іс бойынша лауазымды тұлға – Шымкент қаласы бойынша ҰҚК департаментінің бірінші орынбасары С.-ға істі қысқарту үшін 200 мың доллар, яғни аса ірі мөлшерде пара беруге оқталған.

Сотталушының кінәсі куәлердің жауаптарымен, сот сараптамаларының қорытындысы, ЖТӘ нәтижелері және басқа да іс құжаттарымен дәлелденді.

Сот жарыссөзінде мемлекеттік айытпаушы айыпты Қылмыстық кодекстің 367-бабы 4-бөлігінен Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі – 367-бабы 4-бөлігіне қайта саралап, аса ірі мөлшерде пара беруге оқталу деп өзгертіп, сотталушыға 8 жыл 5 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Қорғау тарапы Мақсұт Исаховты әрекетінде қылмыстың құрамы болмауына байланысты ақтауды сұрады.

Жаза тағайындау барысында сот Мақсұт Исаховты қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жай ретінде асырауында балалар барын ескерді.

Сот Мақсұт Исаховты "аса ірі мөлшерде пара беруге оқталу" деген айып бойынша кінәлі деп тауып, Қылмыстық кодекстің 55-бабы 2-бөлігі, 56-бабы 3-бөлігін қолданып, мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырып, 8 жыл 5 ай 7 күн бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сондай-ақ шенеунікті «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізілді.

Сот үкімі заңды күшіне енбеді.

«Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының түрін көрсетті (ФОТО) «300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды Өзбекстан азаматтарынан 5 келі насыбай тәркіленді Ақтауда мойны терең жараланған тірі итбалық табылды Шерзаттың сотында прокурор екі куәгер қызды тексеруді сұрады Германия басшысы Нетаньяхуға Газа секторына гуманитарлық көмекті күшейтуді ұсынды Отандық әнші 20 жыл бұрын күйеуі шетелге алып кеткен ұлын еске алып жылап қалды (ВИДЕО) Сақинасын шеше алмаған әйел құтқарушыларды шақырған Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған