Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін

20.05.2024, 19:10
993
Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін коллаж: smartnews.kz

Келесі президент кім болады деген мәселеде олардың билігі мен қоғамы ешкім күтпеген тосын бастамаларды алға шығаруда.

Америкада қызық нәрселер болып жатыр. Президент кім болады дегенде көзге екі тұлға көрініп тұратын. Олар қазіргі президент Джо Байден мен бұрын президент болған Дональд Трамп. Ал соңғы күндері жасалып жатқан жүрістер мен әрекеттер бұлардың екеуінің де президент болмауы мүмкін екенін көрсетіп жатыр. Дональд Трамптың мүмкіндігі анық бар болғанымен оны шаңында қалдырып кетуі ықтимал жаңа үміткерлер пайда болатын сыңайлы. Президент сайлауына түсуге жарамды ретінде аты аталған адам – Америкада өте танымал тұлға әрі бұрын президент болған Барак Обаманың әйелі Мишель Обама. 

Әр кезде жасалған сауалнаманың қорытындысында Мишель Обаманың танымалдығы қазіргі және бұрынғы президенттерден асып түскен. Қазір социологтар ол туралы қоғамдық пікірді зерттеп жатыр.

Күйеуі Барак Обама сайлауға түскен жылы Мишель Обама оның сайлауалды жұмысына білек сыбана кіріскені, аса табанды, іскер, ұйымдастырушылық әрекеті жоғары екеніне куә болған едік. Егер ол Демократиялық партияның атынан президенттікке үміткер болып тіркелсе Дональд Трамптан басым түсуі бек мүмкін деп жатыр. Әрі америкалықтар президенттің әйел болуын дұрыс көреді деген пікір қалыптасқан көрінеді.

АҚШ Демократиялық партиясының мүшелері алдағы тамызда Чикагода өтетін  партиялық конвенцияда қазіргі президенті Джо Байден сайлауға қатыспау туралы шешімін жариялайды деп отыр. Байден өзінің орнына АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың әйелі Мишельдің кандидатурасын ұсынады дейді олар.

Германияның Der Spiegel басылымының хабарлауынша, әйел президент идеясы американдықтарды шабыттандырады. Басылым Демократиялық партия Мишельді әлеуетті кандидаттар туралы сауалнамаларына қосқанын айтады. Америкалықтардың үштен екісі Джо Байденді кәрі, оның ендігі президенттігінің керегі жоқ дейді екен. Биыл ол 82 жасқа толады. Ал бұрынғы президент Дональд Трамптың сайлауға тағы да түсуінен Көптеген америкалық сескеніп отырғанын жоғарыда аталған басылым жазыпты. Америкадағы кезекті президент сайлауы биыл қараша айында өтеді. Ондағы басты бәсекелестер бұрынғы президент Дональд Трамп пен жаңа үміткер Мишель Обама болатын сияқты.

Бір қызығы, Мишель Обаманы президент сайлауына түсуге америкалықтар 20216 жылы шақырған екен. Сол жылы оның күйеуі Барак Обама президент болып сайланғанда көптеген америкалықтар әлеуметтік желілерде оның әйелі Мишель Обаманы келесі сайлауға сіз түсіңіз деп өтінгенін сол кезде ВВС басылымы жазды. Америкалықтар Мишель Обаманың 2020 жылғы сайлауға қатысуын қалаған екен. Бірақ сол тұста ол президент сайлауына түсетін ойы жоқ екенін айтыпты. Одан бері біршама уақыт өтті. Ендігі жерде ол сайлауға түсуі мүмкін, себебі оның кандидатурасын Қазіргі президент Джо Байден бас болып Демократиялық партия ұсынайын деп жатыр. Партияластары оны қолқалап болса да сайлауға түсіруге әрекет етуде.

Гэллап институты деген америкалық зерттеу қоры жүргізген сауалнамалардың қорытындысында Мишель Обаманың рейтингісі 64 пайызды құраған. Яғни, жеке беделі жөнінен сол кезде Дональд Трамптан, Хиллари Клинтоннан және тіпті күйеуі Барак Обамадан асып түскен. Бұрынғы сөздерінде Мишель Обама Дональд Трампты айыптап сөйлеген. Қазір Демократиялық партия үшін Трампқа қарсы таптырмас үміткер болса керек.

Джо Байденге келсек, ол президент сайлауына түспейтінін биыл жазда хабарлайтыны белгілі болып қалды. Ол өзінің кандидатурасының орнына вице-президенті Камала Харристі емес, Мишель Обаманы ұсынатыны да осы бастан белгілі болып тұр.

Біз мұның бәрін не үшін айтып отырмыз? Себебі Американың келесі президенті кім болады деген мәселе біздің еліміз үшін де маңызды. Джо Байденнің біздің еліміз дегенде кежегесі кері тартып тұрғанын көрген жоқпыз. Қатынасы мен ықыласы жақсы деуге болады. Демек болашақта оның өзі қолдап додаға қосқан ізін басушы да біздің елімізге деген дұрыс ниетте болады деген сөз. Бірақ Байден кәрілікке кетті. Ал Дональд Трамптың қандай болатынын ешкім білмейді. Егер ол Ресейді арқадан қағып демеу беретін болса, бұл әлемге жайсыз болатыны түсінікті.

Ал Мишель Обама ханымға келсек, егер ол АҚШ президенті бола қалса, әлемге өте жайлы адам болуы мүмкін. Өзі отбасыға, шығармашылыққа жақын адам. 1964 жылы туған. Гарвард университетін бітірген, заңгер.

 

 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды