844

Батыс Қазақстан облысында зейнеткер ауыр қылмыс жасады

Ол 48 жылдан бері бір шаңырақтың астында тұрған әйелін ұрып-соғып, қылқындырып, өлтірген.

Батыс Қазақстан облысында зейнеткер ауыр қылмыс жасады
shutterstock

Батыс Қазақстан облысының 73 жастағы тұрғыны аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 10 жылға сотталды.

Ол 48 жылдан бері бір шаңырақтың астында тұрған әйелін ұрып-соғып, қылқындырып, өлтірген.

Батыс Қазақстан облысының Арнайы ауданаралық қылмыстық соты күдіктіні айыпты деп танып, оны 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Сотта айыпталушы өзінің кінәсін толық мойындап, өз ісіне өкінетінін айтты, – деп хабарлады mgorod.kz.

Ақпарат порталының хабарлауынша, сот қылмыскерді жасын ескеріп, 10 жылға бас бостандығынан айырған.

Сот шешімі күшіне енді.