717

Маңғыстауда балабақшадан 30 миллион теңге ұрлаған бухгалтер сотталды

Қылмыстық дерек Жаңаөзен қаласында тіркелген. Прокуратура екі бірдей мемлекеттік балабақшаның бюджетінен қаражат ұрлау фактісін анықтады.

Маңғыстауда балабақшадан 30 миллион теңге ұрлаған бухгалтер сотталды
gov.kz
Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Тексерулердің нәтижесінде екі балабақшадан қаражат жымқырған бір бухгалтер болып шықты. Ол өзінің жеке шотына жалпы сомасы - 30 миллион теңгені заңсыз аударған.

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, бухгалтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Жаңаөзен қалалық сотының үкімімен, оған шартты түрде 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ал 30 миллион теңге көлеміндегі қаражат мемлекетке толық көлемде қайтарылды.