Шала туған балалар арасында туа бітті көз ауруы анықталып жатыр

22.05.2024, 17:26
707
Шала туған балалар арасында туа бітті көз ауруы анықталып жатыр Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығы

Ақтөбедегі перинаталды орталықта 100-ден астам баланың көзі тексерілсе, оның 15-інен көз ауруы анықталады.

Орталықта ретиналды камера көмегімен диагноз қойылып, ота жасауға мүмкіндік бар.

Ақтөбе облысында жыл сайын 20 мыңға жуық сәби өмірге келеді. Оның 450-ге жуығы айы-күні жетпей, түрлі тексеруден өтеді. Дәл осы балалардың 20% жуығына ретинопатия диагнозы қойылады. Қазіргі кезде көз жанарындағы тамырлардың орналасуы, көз қабықтарының дұрыс жетілуі мен ондағы түрлі ауруды анықтауға арналған ретиналды камера көпшілікке қолжетімді бола түсті. 

- Бұл ауруды ерте анықтап, ем жүргізбесе бала өмір бойы соқыр болып қалуы мүмкін. Қазір осы санатқа кіретін балаларға скрининг жасап, ауруды ерте анықтап жатырмыз. Кейін перинаталдық орталықта ота жасалады. Бұрынғыдай Алматы мен Астанаға барудың қажеті жоқ. Жаңа аппаратты қолдану кезінде дәрігер ғана емес, баланың анасы да бар жағдайды экраннан көре алады. Емнен кейінгі жағдайды да көруге болады. Жалпы 2021 және 2022 жылдары Ayala қоры офтальмологиялық лазер мен тікелей емес офтальмоскоп берді. Бұл құрылғы арқылы мыңнан астам балаға диагностика жасалды,- деді Ақтөбе перинаталдық орталығы директорының орынбасары Толқын Серғазина.

Ақтөбе перинаталды орталығындағы офтальмолог дәрігер Кәмшат Мешітбаева шақалақтардың көз ауруын анықтау, емдеуге бейімделіп, қазір түрлі ота да жасап жүр. 

- Бұл аурудың өз сатылары болады. Жаңа аппарат арқылы қай сатыда екенін бірден білуге болады. Біз тексеріп болған соң қосымша ем жүргіземіз немесе отаға дайындаймыз. Мұны өзім ғана емес, ата-анасы да көріп, шешім қабылдай алады. Мұндай аурулар көбіне айы-күні жетпей өмірге келген балада анықталады. Себебі олардың дене мүшесі толық жетілмейді, кейде түрлі инфекция жұқтырып өмірге келеді,- деді офтальмолог дәрігер Кәмшат Мешітбаева.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды