Теннис: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Қытайды жеңді

22.05.2024, 19:41
755
Теннис: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Қытайды жеңді Қазақстан теннис федерациясы

Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Дэвис кубогы Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінің топтық бәсекелері аяқталды.

 

Қазақстан құрамасы А тобындағы соңғы кездесуінде Қытай командасын 3:0 есебімен жеңді. 

Алдымен Дамир Жалғасбай Лианг Лиангты 7:6 (7:0), 6:2 есебімен қапы қалдырды. Ал, Заңғар Нұрланұлы Конг Вейден 7:5, 6:3 есебімен басым түсті. Жұптық сында Даниэль Тазабеков пен Д.Жалғасбай жұбы Лианг – Жен дуэтін жеңді - 6:4, 6:3.

Осылайша, қазақстандықтар өз тобынан ширек финалға бірінші орынмен шықты. Алайда жеребе қорытындысына сәйкес Қазақстан құрамасына азулы қарсылас тап болды.

23 мамыр күні Сергей Квактың шәкірттері жасөспірімдер арасында Дэвис кубогының алты дүркін чемпионы Аустралиямен ойнайды. Өткен жылы да қос құрама кездесіп, онда қазақстандықтар 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

Ширек финалына сондай-ақ мына құрамалар кездеседі: Корея – Гонконг, қытайлық Тайбэй – Үндістан, Жапония – Қытай.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды