Махамбет ауданы Жалғансай ауылының тұрғындарын эвакуациялау басталды

23.05.2024, 09:41
797
Махамбет ауданы Жалғансай ауылының тұрғындарын эвакуациялау басталды : Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Атырау облысының Махамбет ауданындағы Жалғансай ауылында дабыл белгісі іске қосылып, тұрғындарды түгел эвакуациялау басталды.

Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, түн ортасында Жалғансай ауылында салынған бөгет бұзылған. 

«Дәл қазір ауылдық дәрігерлік пунктті су басу қаупі төніп тұр. Жағдайды тұрақтандыру үшін қосымша күштер мен ресурстар сұралды. Облыс әкімі төтенше жағдай орнына барды. Сағат 01:20-да дабыл белгісі іске қосылды. Ауыл тұрғындарын ауылдағы мектеп пен аудан орталығындағы Д.Төленов, Е.Ағелеуов атындағы орта мектептер мен Нұршуақ, Алтынай балабақшаларына эвакуациялау басталды. Тұрғын үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ», - деп хабарлады облыстық жедел штаб. 

Қазір төтенше жағдайды жоюға Қорғаныс министрлігінің жеке құрамынан 50 сарбаз бен 15 техника тартылған. 

Жалғансай ауылы аудан орталығы – Махамбет ауылынан 15 шақырым қашқытықта орналасқан. Бұл елді мекенде 1286 адам тұрады. Тұрғын үйлер саны – 237.

АҚШ Еуропаға Путинмен келіссөзді тығырыққа тірегенін жеткізген Атырауда басшылық қызметте болған жүкті әйелді өз үйінде қатыгездікпен өлтіріп кеткен Интернет ғаламындағы алғашқы жұлдыздар: Amazon спутниктерін ғарышқа ұшырды Шерзаттың отбасын қорғаушы адвокат өзіне қастандық жасалғанын айтты Ұландықтар 250 мың құм толы қап дайындады: Петропавлда су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда 30 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Айгүл Иманбаева Мадрид пен Парижде жеке ән кешін бермек (ФОТО) «Ғашық боп қалдым»: Индира Расылхан тұрмысқа шыққалы жатыр Әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі 5 жылға сотталды Павлодарлық әйел 4 айлық сәбиін аяусыз ұрып тастаған Бішкекте Ресей атынан соғысуға әскер жинаған күдіктілер үйқамаққа шығарылған «Баламыз болады»: әзілкеш Жахан Отарғалиев қуанышты жаңалығын жеткізді (ВИДЕО) Трамптың билікке келгеніне – 100 күн: АҚШ пен әлемде не өзгерді? «Мылтығым болғанда, Шерзатты қорғайтын едім!»: марқұм Нұрғанат Ғайыпбаевтың жауабын прокурор оқып берді «Маникюрден шыққан»: теміржол станциясының маңынан зейнеткердің мәйіті табылды Мемлекет пәтер сыйлаған жас жігіт жатын бөлмесіне Қазақстанның туын іліп қойды (ВИДЕО) Трамп: Зеленский Қырымды Ресейге беруге дайын Ақтауда далаға кір жайған тұрғын жазаланды (ВИДЕО) 17 жылға сотталған бұрынғы Атырау әкімі Бергей Рысқалиев сакура тамашалап жүр (ВИДЕО) «Сипалады»: Семейде мұғалім оқушы қыздарға қол жүгірткен (ВИДЕО)