Танымал блогер алиментке небәрі 20 мың теңге төлеген

23.05.2024, 10:01
510
Танымал блогер алиментке небәрі 20 мың теңге төлеген canva.com

Алматы қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына С. есімді азаматша жүгінген.

Ол баласының әкесі танымал блогер ретінде қомақты қаражат тапқанымен, алиментке небәрі 20 мың теңге төлейтінін хабарлаған.

Сот бұған дейін Ж.-ның С. есімді кәмелетке толмаған баланың әкесі екенін анықтап, осыған байланысты Ж.-ға табысының және (өзге) қаражат көздерінің ¼ бөлігі мөлшерінде алимент төлеуді міндеттеген.

Істі қарау барысында баланың әкесі Ж. өзінің жалақысы 70 мың теңге екенін көрсететін анықтама ұсынған. Алайда Ж. банк шоттарында айтарлықтай қомақты қаражат бар екені және оның демалыс мақсатында шетелге жиі баратыны анықталды.

ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 141-бабына сәйкес, ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеу туралы келісімі болмаған кезде және ата-анасының табысына және (немесе) өзге де қаражат көздеріне үлестік қатынаста алимент өндіріп алу мүмкін болмаған жағдайларда, тараптардың бірінің мүдделерін қиын немесе елеулі түрде бұзған жағдайларда сот алимент мөлшерін айқындауға құқылы. Ол ай сайынғы тұрақты ақшалай сомада немесе бір мезгілде үлестермен және тұрақты ақшалай сомада өндіріп алынады.

Мұндай жағдайларға табыс көзі жиі өзгеріп тұратын және (немесе) өзге қаржы көздері бар ата-аналардан не егер ата-ана табысын толық немесе ішінара қолма-қол алса, алименттерді өндіріп алу жатады.

— Іс бойынша белгіленген мән-жайларды, оның ішінде жауапкердің өзге табысының болуын ескере отырып, сот баланың мүддесі үшін жауапкер Ж.-дан С. пайдасына 30 АЕК мөлшерінде тұрақты ақшалай сомада алимент өндіріп алу туралы шешім қабылдады, — делінген ҚР Жоғарғы Сотының хабарламасында.

Forte Kulanshi Art Space: Астаналық арт-ортаның жаңа белесі Словения президенті Димаштың жанкүйері болып шықты «Qoslike» бағдарламасының жүргізушісі ұзатуында өзіне тілек айтып, халықтан сөз естіді (ВИДЕО) Енді жеке куәлікті онлайн алуға болады «Chanel, Dolce & Gabbana және Prada»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі туған күніне келген сыйлықтарды көрсетті Шерзаттың әпкесі Бақыт Реймова суицид жасамақ болды «Жүре алмай, қоштасып келдім»: Жұлдызай Дүйсенбиева ауыр халге түскенін айтты «Аурухананың білікті заңгері болды»: Құлсарыда бұрынғы күйеуінің қолынан қаза болған әйел туралы тың дерек пайда болды «Кредит жабамын» деп Ресейге жұмысқа кеткен жігіт жоғалып кетті Жетісулық мектеп оқушысы бетон жабындысының астында қалды Туды қорлаған қара жамылған қыздар жазаланды Бүгін Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл «Жаңбыр, тұман, жел»: 1 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Шерзат Болаттың ісі бойынша сот қашан басталатыны белгілі болды «Арасында Сара Тоқтамысова, Мөлдір Әуелбековалар бар»: Айгүл Елшібаева хиджабтың үстінен тақия киетіндерді сынады «Мама, намаз оқисыз ғой» деп отыратын»: Қаржы пирамидасын жарнамалап сотталған Мейіржан Төребаевтың анасы ел алдына шықты Павлодарлық еркек 14 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді Әлімжеттік туралы видео жариялаған астаналық студенттің анасы жауапқа тартылды «Бриллианттарымды таратып жатырмын»: Мақпал Жүнісова әнші Бүркіттің әйеліне ерекше сыйлық тарту етті «Бетін аяқпен теуіп, түкірген»: Теміртаулық жасөспірімдер зейнеткерді ұрып-соққан (ВИДЕО)