747

Қызылордада адамдарға пышақ жарақатын салған күдікті ұсталды

Қызылорда қаласында топтық төбелесте үш адамға пышақ жарақатын салған күдікті ұсталды.

Қызылордада адамдарға пышақ жарақатын салған күдікті ұсталды
canva.com

Бұл оқиғаның болғанын облыстық полиция департаменті растады.

«Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бойынша тергеу жүргізілуде, сараптамалар тағайындалған. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», — деп атап өтті департаменттен.