863

30 жастағы лейтенант атыраулық сарбазды өлтірді деп айыпталды

Лейтенанттың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

30 жастағы лейтенант атыраулық сарбазды өлтірді деп айыпталды
sputnik

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 30 жастағы лейтенант атыраулық сарбаздың өліміне қатысы бар деген күдікке ілінді.

«Сарбаздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр» деп хабарлады Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі.

Жетісу өңіріндегі Сарыөзек гарнизонында 19 жастағы жауынгер Досымжан Сәлімжан әскери борышын өтегені хабарланды. Мамыр айының басында кенет ауырып, жансақтау бөліміне түсті, бірақ кейін қайтыс болды.

Күдікті қамауға алынды.

Материал авторы