SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Нұра ауданының прокуратурасымен жеке сот орындаушысының алимент төлеуге арналған 1 млн теңгеден астам ақшаны жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелген. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы жазды.
Жеке сот орындаушысы бір жыл бойы борышкердің ақшасын жас баланың анасының орнына өз ұлының шотына аударғаны анықталды.
Өндіріп алушы алимент берешегін өндіріп алу жөнінде борышкерге қатысты шара қолдану туралы Жеке сот орындаушысына жүгінген, алайда борышкер берешегін уақтылы жолдап отырған.
Жеке сот орындаушысына қатысты қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық іс сотқа жолданды.