904

Жайық өзені арнасынан асып, жеңіл автокөлік қозғалысы шектелетін болды

Бұл жөнінде Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев хабарлады.

Жайық өзені арнасынан асып, жеңіл автокөлік қозғалысы шектелетін болды
Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жайық өзені арнасынан асып, жеңіл автокөлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы жазды. 

Жайық өзені суының Атырау-Орал тасжолының 80-85 шақырымы аралығында арнасынан асуына байланысты жеңіл автокөлік қозғалысы бүгіннен бастап жабылуы мүмкін.

Бұл жөнінде Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев мәлімдеді.

Сондай-ақ көлік қозғалысына балама ретінде жергілікті маңызы бар Атырау-Индер тасжолымен, Махамбеттің тұсындағы көпір арқылы жүруге жағдай жасалған.

Материал авторы