«Іштарлық болады»: әнші Бейбіт Қорған өнерде ешкіммен дос емесін ашық айтты (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
24.05.2024, 12:54
1824
«Іштарлық болады»: әнші Бейбіт Қорған өнерде ешкіммен дос емесін ашық айтты (ВИДЕО) жеке парақшасынан

Өнерде қолдап жіберудің орнына артқа тартатындар көп екенін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, отандық әнші Бейбіт Қорған өнерде досы жоқ екенін айтты. Эстрада жұлдызы шығармашылық ортада жүрген әріптестеріне қатысты ойын "1001 түн" бағдарламасында жеткізді. 

Өнер иесі достық қарым-қатынасқа көбіне көреалмаушылық себеп болатынын атап өтті.

"Менің ойымша, өнерде дос деген жоқ сияқты. Достықты көрсететіндер көп шығар, мүмкін. Менде өнерде дос жоқ, тек әріптестер ғана бар. Бәріміз адам баласымыз, ешкім өнер адамы болып жаралмайды. Адам баласы болып өмірге келгеннен кейін іштарлық пен көреалмаушылық болады.

Қолдап жіберудің орнына артқа тартатындар да болады. Сондайлығы (қасиеті -ред. ескертпесі) болмағандар ғана жақсы биіктікке жетеді деп ойлаймын. Сахнаны қызғанбаймын, өйткені сахна тек менікі емес", - деді Бейбіт Қорған. 

Ал желі оқырмандары эстрада жұлдызының сөзін қолдай кетті.

"Дұрыс айтады", "Өмірде де дос жоқ қой", "Нағыз жігіт", "Келісемін", "Мықты жігіт", "Ақылы тоқтап, абырой-атақ деп арын сатпаған жігіт", - деді көпшілік.

 

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды