Лицензиялық турнир: Назым Қызайбай бүгін шаршы алаңға шығады

25.05.2024, 10:29
1048
Лицензиялық турнир: Назым Қызайбай бүгін шаршы алаңға шығады prosports

Таиландтың Бангкок қаласында өтетін бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде бүгін ел құрамасының сапынан Назым Қызайбай (50 келі) шаршы алаңға шығады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық боксшы алғашқы айналымында Назым словакиялық Николь Дуриковамен кездеседі. Қарсыласы - Словакия чемпионы, 22 жасқа деййінгі жастар арасында Еуропа чемпионатының күміс және қола жүлдегері.

 

Жекпе жек Қазақстан уақытымен 16:30-да басталады.

Назым Қызайбай 1993 жылы дүниеге келген. 2014, 2016 жылдарда әлем чемпионы атанса, 2012 жылы күміс медаль алды. Ал, 2021 жылы Азия чемпионы тұғырына көтерілді.

Айта кетсек, әйелдер құрамасында Назым Қызайбайдан басқа Ұлжан Сәрсенбек (54 келі), Римма Волосенко (60 келі), Наталья Богданова (66 келі) мен Валентина Хальзова (75 келі) ел намысын қорғайды.

Сондай-ақ ерлер құрамасында Мұхамедсабыр Базарбайұлы (63.5 келі) шаршы алаңға шығады. 

Еліміздің ерлер құрамасы бұған дейін Олимпиаданың 6 жолдамасын жеңіп алды. Атап айтқанда, Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (92 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) бар. 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды