1414

Ақмола облысында қар жауып, республикалық маңызы бар жолдар жабылды (видео)

Жаз басталар шақта Ақмола облысында қар жауды.

Ақмола облысында қар жауып, республикалық маңызы бар жолдар жабылды (видео)
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін, 25 мамырда Ақмола облысында қар жауды. Жауған жауын-шашын, қар салдарынан көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы ТЖМ жазды. 

25 мамыр таңертеңнен бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қар, температураның -3-ке дейін төмендеуі) Республикалық маңызы бар автожол учаскесінде көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыс жабық: "Екатеринбург - Алматы" 1080-1140 км (Колутон станциясы-Новочеркасское ауылы).

Материал авторы