821

Ұлттық тестілеу орталығынан ақпаратты заңсыз көшіріп алғандарға қатысты сот үкімі шықты

Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратын заңсыз қолды қылған.

Ұлттық тестілеу орталығынан ақпаратты заңсыз көшіріп алғандарға қатысты сот үкімі шықты
Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ұлттық тестілеу орталығынан ақпаратты заңсыз көшіріп алған екі батысқазақстандық 2 жыл 6 ай бас бостандығыннан айырылды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді. 

2024 жылы сәуірінде Орал қаласы сотының шешімімен Батыс Қазақстан облысының екі тұрғыны Қылмыстық кодекстің 206, 250 және 198-баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін әрқайсысына 2 жыл 6 ай бас бостандығыннан айыру туралы үкім шықты Сондай-ақ олар коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айрылды.

"Үкім шығаруға ҰҚК-нің іс жүргізу материалдары негіз болды, оған сәйкес сотталғандар 2021-2022 жылдары Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына заңсыз қол жеткізуді және көшіруді жүзеге асырған. Үкім заңды күшіне енді", - делінген хабарламада. 

Материал авторы