«Продюсерлерді жылаттым»: Қуат Хамитов спорттың өнер жолындағы пайдасын айтты (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
25.05.2024, 17:16
1108
«Продюсерлерді жылаттым»: Қуат Хамитов спорттың өнер жолындағы пайдасын айтты (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

«Маған ақша берген кезде жылады ғой» дейді Қуат Хамитов.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық файтер кино саласына жасаған қадамын спорттағы жетістігінің арқасында екенін айтты. Бұл туралы Khabar арнасының ХабарLike бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Жекпе-жек шебері Қуат Хамитов жақында Khabar TV арнасында арнайы қонақ болып сұхбат берді.

«Егер мен спорт мансабымда дәл осындай жетістікке жетіп, халыққа танымал болмаған жағдайда мені киноға алмас еді. Сол себепті спорт пен өнер саласының бір-бірімен байланысы берік деп айтуға болады. Ал гонорар мәселесіне келер болсақ, әрине, жекпе-жектен табатын қаражатым киноға қарағанда аз. Осы уақытқа дейін 40-қа жуық жекпе-жек өткізіп, талай промоутерлермен жоғары деңгейдегі келісімдерді жасап жүргеннен кейін, маған кино продюсерлермен келісімге келу оңай болды. 

Әлемдік деңгейдегі промоутерлермен сөйлесіп жүргеннен кейін, бір сөзбен айтқанда, продюсерлерді жылаттым. Маған ақша берген кезде жылады ғой (күледі). 2021 жылы түскен ең алғашқы киномда мен осындай жақсы келісімге қол жеткізген болатынмын», - деді Қуат Хамитов.

Айта кетейік, Қуат Хамитов 11 мамыр күні RCC 19 турнирінде ресейлік жекпе-жек шебері Александр Шлеменкоға қарсы үш раундтық кездесу өткізген болатын. Аталмыш жекпе-жек орта салмақ дәрежесінде (83,9 кг) өтті. Бұл кездесуде төрешілердің ортақ шешімі бойынша Шлеменко жеңіске жетті (30-26, 30-26, 30,27). Сондай-ақ, файтер Қуат Хамитов бұл жеңілісіне қатысты сын айтқан хейтерлерге де жауап берген болатын.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды