Бетперде таққан жігіт тағы бір мұқтаж отбасыны қуантты (ВИДЕО)

25.05.2024, 15:46
2582
Бетперде таққан жігіт тағы бір мұқтаж отбасыны қуантты (ВИДЕО) коллаж smartnews.kz

Бетперде таққан жігіт мүгедек таксист пен оның зағип жұбайына жәрдем ретінде темір тұлпар мен баспана, еміне қаражат пен Умраға жолдама беріп қуантты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Человек в маске» атымен танымал бетперде таққан құпия жігіт өмірдің сынағына өздері адал жолмен төтеп беріп келе жатқан тағы бір отбасыны қуантты.

Кезекті отбасының отағасы Мұрат пен оның әйелі екеуі де бірінші топтағы мүгедек жандар. Олардың кішкентай егіз қыздары бар, әрі өздері жалдамалы үйде тұрады.

«Такси боламын, машинаны жалға алып жүрмін. Өзім бірінші топтағы мүгедекпін. Өз аяғыммен жүре алмаймын. Әйелім де бірінші топтағы мүгедек. Оның көзі көрмейді. Үйде отырып Брайлев әліпбиі арқылы Құран оқиды. Өзіміз пәтер жалдап тұрамыз», – дейді Мұрат.

Бетперделі жігіттің «Жаратушыдан не сұрайсыз?» деген сауалына  ол былай деп жауап берді:

«Балаларым жақсы, тәрбиелі болғанын сұраймын. Біз бәріне көніп келе жатырмыз ғой. Ал балаларымыз қиналмаса екен», – деп көзіне жас алды Мұрат.

Бетперделі жігіт Мұрат пен оның әйелін емделуге жіберді. Сондай–ақ кіші Қажылыққа жолдама беріп, су жаңа көлік пен пәтерді де қатар сыйға тартты. Бетперделі жұмбақ жігіттің осыншама жақсылығын естіген Мұрат қуаныштан еріксіз жылап қалды.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды