«Танымай қалдым»: актер Руслан Нұрман «5:32» сериалынан кейін жұбайының актерлік шеберлігін мойындағанын айтты
Актер Руслан Нұрман адам етін жегіш әйелдің рөлін сомдаған жұбайының өнері туралы айтып берді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актер Руслан Нұрман «5:32» сериалынан соң әйелі Жәудір Сарыпбекованың актерлік шеберлігін мойындап, оны танымай да қалған. Бұл туралы өнер иесі «Мархабат» бағдарламасына берген сұқбатында айтты.
Отбасы болған соң «Мені осындай жерге шақырып жатыр» деп ақылдасамыз ғой. Үнемі айтып, сұранып отырады. Үш күн түсірілім болды. Кейін сериал шыққанда өзім таңғалдым. Танымай қалдым. Өте шынайы ойнаған. Актерлік шеберлігін мойындадым десем де болады, - деді Руслан Нұрман.
Өнер иесі парақшасында жұбайының ойнаған образын көрсетіп, мақтанғанын да атап өтті.
Парақшамда жария еттім. «Міне, мынадай актриса, актриса деген» дедім. Өнер адамы ретінде түсінем ғой. Басқа рөлдердерде ойнағанын көргем ғой, осындай образда бірінші рет көрдім. Көргенде Жәудір емес, басқа адам тұрды. Мен соған кәдімгідей сендім, - дейді ол сұқбатында.
Материал авторы