"Блогер қыздар қатын болмайды": көпке топырақ шашқан имамға блогер жауап берді

27.05.2024, 14:34
2514
"Блогер қыздар қатын болмайды": көпке топырақ шашқан имамға блогер жауап берді caravan.kz

Блогер қыздардың намысына тиген имамның уағызы халықтың ашуына тиді.

Блогер Ырысбала Икрамбай блогер қыздар қатын болмайды, олар интернетте еркектердің ойын бұзады деп айтқан имамға жауап берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Имамның айтуынша сұлулығын интернетте паш еткен қыздар олар қатын боп жарытпайды, оларға түріне қарап үйленсеңдер, өмір бойы қызғанып өтесіңдер. Он мың жазылушысы бар қыздар өзін көрсету үшін бәріне барады. Тіпті хиджаб киіп алса да, сұлулығын бүкіл елге көрсетіп, интернетке шығып жүрген қыздардардың бұл қылығы дұрыс емес. Оларға ер адамдар қарап, ойлары бұзылады деген.

Ал оған жауап берген блогер Ырысбала Икрамбай, есектің де еркегі бар айналайындар, уағыздарың қатынның етегінен аспай қойды ғой. Екі көздеріңе, екі бұттарыңның арасындағыға саналы түрде ие болыңдар деп қатты қатты айтып имамды орнына қойды.

«Көпке топырақ шашу деген бар. Отырып алып болмайтын әңгімені айтуды түсінбеймін. Уағыз айтқанда да, Абай атамыз айтқандай «тілге жеңіл, жүрекке жылы» тиюі керек. Мен он мың емес, екі жүз мың жазылушысы бар блогер болып тұрмысқа шықтым. Үш балам бар. Бір шаңырақтың түтінін түтетіп отырмын. Блогерлікті де жасап, ешкімнің ала жібін аттамай, күнімізді көріп, жақсы әйел болып та жүрміз. Он бәленің тоғызы тілден демекші, көпке топырақ шашу дұрыс емес.

Біз қазақ үш жүзге бөліндік, қырық рулы қазақпыз деп қырық руға бөліндік. Орамал тағатындар мен намазхандар деп бөліндік. Енді имамдар мен блогерлер деп бөлінетін болдық па? Ол сөздеріңді қалай айтып отырсыңдар? Адамның тағдыры маңдайына туыла сала жазылып қойса да, блогер қыздардың қандай әйел болатынын қайдан білесіздер? Ол қатын болмайды деп қандай сенімділікпен айтып отырсыздар?

Қыздардардың барлығын тыйып болған шығарсыңдар? Еркекпен бірге өмір сүріп жатырмыз деп, қыздарымызды үйге тығып болдық. Қырық үйден тыю, анадан тыю, мынадан тыю деп болдық. Орамалды да тақтық. Орап біттіңдер қыздарды. Ол заман өтті. Енді қыздарға дұрыс білім беретін заман келді. Дұрыс таңдау жасауды, өзін қорғануды үйрететін уақыт келді. Блогерлердің барлығына топырақ шашуды қойыңдар», - деді блогер.

Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды