Ақтөбеде жүргізуші велосипед мінген бірінші сынып оқушысын қағып кетті

27.05.2024, 16:42
821
Ақтөбеде жүргізуші велосипед мінген бірінші сынып оқушысын қағып кетті pixabay.com

Ақтөбеде Toyota автокөлігінің жүргізушісі көпқабатты үйдің ауласынан шығу кезінде тұрғын аумақта велосипедпен жүрген балаға жол бермей, оны қағып кетті.

Бұл туралы Polisia.kz. хабарлады.

Жол-көлік оқиғасына ұшыраған бірінші сынып оқушысы медициналық мекемеге жеткізілді. 

— Көлік жүргізушілері ауладан шығу кезінде қасынан велосипедшінің өтетініне дайын болуы керек. Велосипедші жаяу жүргіншіге қарағанда жылдамырақ, өйткені ол шамамен 20-30 км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Әсіресе іргелес тұрған үйлердің арасы немесе арка арқылы шығу кезінде жүргізушіге барынша мұқият болу қажет. Себебі мұндай жағдайларда велосипедшіні алдын ала байқау мүмкіндігі өте аз, дәлірек айтқанда, тіпті нөлге тең, — деп атап өтті Ақтөбе облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдос Құлжанов.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта облыс аумағында балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Назар аударыңыз, балалар» акциясы өтіп жатыр. Шара аясында полиция қызметкерлері оқушылармен профилактикалық кездесулер өткізіп, жолдардағы қауіпсіз мінез-құлық туралы әңгімелейді.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады