Шымкентте 5 жасар балаға азғындық жасаған педофил 20 жылға сотталды

28.05.2024, 09:50
763
Шымкентте 5 жасар балаға азғындық жасаған педофил 20 жылға сотталды canva.com

Шымкентте 5 жасар бүлдіршінге сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет жасаған педофилге үкім шықты.

54 жастағы ер адам бұған дейін зорлау, ұрлық және есірткі қылмыстары бойынша сотты болған және балаға азғындық жасар алдын түрмеден бірнеше күн бұрын ғана бостандыққа шыққан.

Оқиға өткен жылдың қараша айында болған. Алкогольдік ішімдік ішкен ер адам аулада ойнап жүрген баланы гаражға алдап апарып, киімін шешкен. Оның бұл әрекетін көршілер байқап қалып, дереу полицияға хабар берген. Ер адам оқиға орнында ұсталған. 

Сотқа дейінгі тергеу барысында ер адам кінәсін толық мойындаған. Алайда сот отырысында ол өзіне қысым көрсетілгендіктен қылмысты мойындағанын айтқан. 

«Қысым көрсету бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп, бірақ ешқандай факт расталмады. Оның үстіне психологиялық-криминалистикалық сот сараптама жүргізіліп, жауап алу кезінде ол видеоға түсірілгені, онда ешбір қысым көрсетілмегені анықталды. Сот оны адвокатының қатысуымен өз еркімен жауап берген деп таныды»,- деді қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судья Әбинұр Қарабаев.

Сот материалдарына сәйкес оның кінәсі дәлелденіп, оған Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-тармағымен 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Сотталушы жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесінде өтейтін болады. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Сотталушы рецидивист үкіммен келіспеген және апелляциялық шағым түсірген.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты