"Ене мен келін ауыз жаласып жатыр": Белгілі этнограф желіде жұрттың ашуына тиген тойдағы ерсі ырым туралы айтты

29.05.2024, 14:48
767
"Ене мен келін ауыз жаласып жатыр": Белгілі этнограф желіде жұрттың ашуына тиген тойдағы ерсі ырым туралы айтты stan.kz

Соңғы тәулікте әлеуметтік желіде көзге оғаш көрінетін тойдағы ырым қызу талқылануда.

Аталған бейнежазбаға зер салсақ, беташар рәсімінде ене мен келін бір-біріне ернін жақындатып, кәмпитті таласа жегенін аңғаруға болады. Халықтың қытығына тиген бұл дәстүр қайдан шыққан? Stan.kz тілшісі белгілі этнограф әрі тарихшы Болат Бопайұлынан сұрап көрді.

Дүйім жұрттың ортасында ауыз жаласқан әлгі ене мен келіннің әрекетін еліміздегі танымал этнографтар да көріп, бас шайқап отыр екен.  

"Мұндай ырым-тыйым қазақта жоқ. Қазақ ежелден денсаулыққа, тазалыққа көңіл бөлген халық. Тіпті ер мен әйелдің бет сүртетін орамалын ауыстырмаған, ене мен келіннің орамалын ауыстырмаған, оны кірлетпеген. Ал ене мен келіннің кәмпит жеп жатқан видеосын бұрын мен үнді киноларынан көргенмін. Қуанышты хабар естісе сүйінші ретінде "өмірімізді тәтті, балдай болсын" деп кәмпит беріп жатады. Соның өзгертілген түрі біздің тойымызға келіп отыр. Бұл енді дұрыс нәрсе емес. Мұндай қазақтың мәдениетіне, дәстүріне, ырым-тыйымдарына, асыл қасиетіне, ғасырлар бойы жасалған дүниесін бұзу деп қараймын. Екіншіден, олардың дем арқылы, сілекей арқылы геннің, тектің ауысуы. Үшіншіден, гигиена. Яғни денсаулыққа кері әсерін тигізеді, жұқпалы аурулардың таралуы мүмкін. Ене мен келін арасында сыйластық болу керек, перде болу керек. Мұның барлығын өздері ойдан жасап алған", – дейді Болат Бопайұлы.

Соңғы кездері қазақтың қуанышы ерсі ырым-тыйымдардан көз ашпай тұр. Мәселен, ақ босаға аттауы тиіс келінді есіктен емес, терезеден кіргізуді әдетке айналдырғандар да бар. Мамандар мұндай ырымның жақсылыққа апармайтынын ашық айтып отыр.  

"Терезеден кіргізуге болмайды, қазақта "Ақ босаға аттады" деген өлең бар. Келін сол үйдің ақ босағасын аттаған күннен бастап оған сол үйдің шамшырағы ретінде қараған. Ал енді бір үйге екі келін түсіріп, біреуін есіктен, екіншісі терезеден кіргізгенін көрдім мен. Олар болмайды, екеуіне де ақ босаға аттатып, әдепті, тәртіпті, мәдениетті келін тәрбиелеп алуына болады. Моңғолдарда қайтыс болған адамды анасынан дәл солай келген деп, екі бүктеп терезеден немесе тесіктен шығаратын болған. Бұл жақсы ырым емес, жаман ырым. Сондықтан терезеден кіргізу деген қазақта мүлдем болмаған. Бұл да қызық үшін жасалған нәрсе. Есіктен кіргенде оң аяқпен кіріп, оң аяқпен шығу керек", – дейді этнограф.

Сонымен қатар қазақтың көне дәстүрінде жас келін көпшілікке сәлем салатын еді, қазіргі қоғам күйеу балаларға иілтіп сәлем салдыруды құп көреді екен. Этнографтың айтуынша, бұл да дәстүрге жат дүние.  

"Иә, оны көрдім. Бір видоеда көліктен түскен күйеу баланы бір шақырым жерден үйге дейін сәлем салғызады. Келіннің сәлем салу дәстүрі тұрақтанған, бекіген. Бірақ күйеу бала сәлем салмайды қазақта. Күйеу балаға қатысты басқа дәстүр бар. Кетіп бара жатқан кезде күйеу балаға төс, асық жілік тартады. Сол кезде қыздардың сұрағына жауап бере алмаса, шапанын іліп кетеді. Ал сұрақтарына жауап берсе балдыз қыздар қолтығынан демеп, құрметтеп атына мінгізіп қоя береді. Міне, осындай дәстүр бар", – дейді тарихшы. 

Танымал этнограф Болат Бопайұлы бұл сұхбатында мұндай олқылықтың орнын толтырып, дер кезінде дәстүрді сақтап қалудың жолын ұсынды. 

"Жалпы, той мәдениеті деген қазақтың салты, дәстүрі, ғұрпы, наным-сенім, торқалы тойы, топырақты өлімінде атқарылады ғой. Сондықтан "Тойда атқарылатын заңнама" деген сияқты заңнамалық кітап шығару керек. Оны еліміздің мәдениет және ақпарат министрлігі бар ғой, министр Аида Балаева бар. Солардың қолдауымен тұрақталған сөздік болу керек. Сол кезде қазақтың мәдениеті, дәстүрі, әдеп-ғұрпы, дәстүрлі мәдениеті жақсы сақталады деп ойлаймын. Бұзбау керек. Сондай кітапты оқыған әрбір қазақ отбасы мұндай қателіктерге бой алдырмайды", – дейді этнограф Болат Бопайұлы.
2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды