«Бас-аяғында өзім жүрмін»: Димаш Құдайбергеннің қарындасы отбасылық бизнесі туралы айтты

Аиса Махамбет Редактор
30.05.2024, 18:28
4745
«Бас-аяғында өзім жүрмін»: Димаш Құдайбергеннің қарындасы отбасылық бизнесі туралы айтты жеке парақшасынан

Дайдидау мейрамханасын ашқан Раушан Құдайберген отбасылық бизнестің сырын ашты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген «Оян» бағдарламасына сұхбат беріп, бизнесі жайлы айтып берді.

Оның айтуынша, мейрамхана ашуға қатысты идеяны әкесі айтқан.

Мейрамхана ашу отбасылық идея десем болады. Ата-анамның, әсіресе, әкемнің тарапынан туған ой. Соны біз де ұнатып, қостап, қолдап кеттік. Бірден құрылыс жұмыстарын жүргізіп, бизнес саласының қыр-сырын меңгеруге ізденіс жүргіздік, - дейді Раушан Құдайберген.

Ол ашылғанына жарты жыл болған мейрамхана жұмысын өзі ұйымдастыратынын жеткізді.

Идея ортақ болғанымен, бас-аяғында өзім жүріп үйреніп кеттім. Барлық ұсақ-түйек шаруасына, ұйымдастыру жұмыстарына өзім араласамын. Әрине, негізгі шешімдер ата-анамнан болады. Бірақ күнделікті өзім бас-көз болып, ұжыммен сөйлесіп, басқарамын, - дейді Раушан Құдайберген.

Ол мейрамхана мәзірінде 66-дан астам тағам түрі бар екенін айтты.

Қазақ мәзірі, қазақ асханасы өте бай. Біз білмейтін мыңдаған тағам түрі бар. Оның бәрін түрлі этнографтар, ғалымдар зерттеген. Ал біздің мәзірде 66-дан астам тағам түрі бар. Жақында 30-ға жуық тағам түрін қосамыз, - деді ол.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды