«Бұл қақпас алжыған ғой деймін…»: Аттың құлағында ойнаған 84 жастағы әженің немересі бүкіл шындықты айтты

Аиса Махамбет Редактор
31.05.2024, 13:14
2735
«Бұл қақпас алжыған ғой деймін…»: Аттың құлағында ойнаған 84 жастағы әженің немересі бүкіл шындықты айтты жеке мұрағатынан

Дәл қазір әлеуметтік желіде аттың үстінде еркін шапқан 84 жастағы әженің әрекеті қызу талқыланып жатыр. Көпшіліктің назарына іліккен кейуана Алматы облысы Ұзынағаш ауылының іргесінде тұрады екен. Егде жасқа келсе де шапшаң қимылдайтын қария алғаш рет құпиясын ашық айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Tiktok-та трендтен түспей тұрған әженің аты-жөні – Худий Ханахайқызы. 15 құрсақ көтерген ананың 40 немересі мен 60 шөбересі бар екен. Оның аттың үстінде еркін шапқан видеосы аздаған уақыт ішінде бір миллионға жуық қаралым жинаған. Қартайған шақта жылқының жалынан ұстаған қарияның қандай құпиясы бар? Бұл туралы Stan.kz сұхбат алып, білді.

"Қымыз ішемін, шұбат ішемін, жылқының етін жеймін, қойдың сорпасын ішемін. Негізі жас күнімнен атқа мініп өстім. Бала кезден атқа құмармын, атқа шапқан кісімін. Сол кезден бастап әлі күнге дейін жасыма қарамай атқа мініп жүремін. Қыз күнімде қыз қуу ойынына қатысып, көкпарға да ілесіп жүретінмін. 60 жасқа келгенше қыз қууға қатыстым. Қазір Бір балам қойшы ауылда қой бағады. Соған барамын, сол кезде атқа мініп, қой қайырып келемін. Ұл-қыздарым қасымда. Жылқыға деген құмарлық әкемнен дарыған қабілет деп білемін. Қазір немерелерім көкпар тартып жүр", – дейді 84 жастағы Худий Ханаханқызы.

Әлеуметтік желіге жылқы мінген әженің видеосын жүктеген немересі екен. Алғашқыда таңырқай қараған жұрт кейуананың бұл әрекетіне тамсанса, кейбір адамдар егде жастағы қарияға түрлі жағымсыз пікір жазып, сынаған көрінеді. 

"Негізі көбісі мақтап жазды. Бірақ арасында маған ұнамаған пікірлер болды. "Апасын хайп үшін түсірген екен. Хайп үшін әжесін өлтіруге дайын сияқты" деген пікірлер бар. Соған ренжіп жауабымды жаздым. Мен хайп қуалап жүрген танымал адам емеспін. Танымал болып кетейін деген ой менде мүлдем болған жоқ. Көңілге тиген ең жағымсыз пікір: "Бұл қақпас алжыған ғой деймін. Осы жаста неге атқа мініп жүр? Үйінде отырмай ма..." деп бір кісі жазыпты. Менің жүрегіме сол сөз қатты тиді", – дейді әженің Гүлжан есімді немересі.  

Сондай-ақ таза қазақы отбасында өскен 84 жастағы кейуананың халыққа беймәлім қыры көп. Мәселен, кезінде ол қыз қуу, көкпар ойынынан бөлек, мықты сауыншы, он саусағынан бал тамған шебер, әнші әрі айтысқа қатысқан өнерпаз болған айтады.  

 

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол