Алматыда әскери бөлім 5 ай бойы комада жатқан сарбаздың отбасын пәтерінен шығарып жіберген

31.05.2024, 13:51
897
Алматыда әскери бөлім 5 ай бойы комада жатқан сарбаздың отбасын пәтерінен шығарып жіберген ашық дереккөзден

Алматыда әскери бөлім бес ай бойы комада жатқан сарбаздың отбасына берілген пәтерден шығарып жіберген. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, алматылық әскери бөлімі бес айдан бері ес-түссіз жатқан сарбаз Ербаян Мұхтардың отбасына ұлдарына қамқорлық жасау үшін пәтер берген. Алайда, сарбаздың анасы Гүлсім Қамиева баспасөзге мәлімдеме жасаған соң, әскери бөлім оларға Алматыда енді баспана бере алмайтындарын мәлімдеген.

Ербаянның ағасы Наурызбай Мұхтардың айтуынша, оларды ешқандай ескертусіз, күтпеген жерден пәтерден шығарып жіберген.

"Бригаданың саяси қызметкері Айтжан Мұхамедияр бізді пәтерден шығаратынын айтты. Көшеде қалдық, қайда барарымызды білмейміз. Олар бізді Ербаян ауруханадан шыққанша баспанамен қамтамасыз етулері керек еді. Бірақ қазір бас тартып отыр", – дейді Ербаянның ағасы.

Зардап шеккен отбасының мүддесін қорғаушы адвокат Инга Иманбайдың айтуынша, әскерилер Ербаянның туыстары тергеуді талап етпейді деп ойлаған. 

"Олар Ербаянның туыстары қылмыстық істің тоқтатылуымен келісіп, тергеуді талап етпестен тыныш жүре береді деп үміттенген. Сондықтан, әскери бөлім сарбаздың туыстарына Алматыда (отбасы Астанада тұрады) жүргенде тұратын пәтер берген. Бірақ Ербаянның туыстары әділеттілік талап ете бастаған соң, оларды шығарып жіберді”, — деді Инга Иманбай.

Айта кетейік, ұзақ уақыт комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтарды Алматыдағы емханадан Астанаға ауыстыру туралы шешім қабылданған. Бұл туралы ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы мәлімдеді. 

"Орталық қалалық клиникалық аурухананың ұзақ мерзімді бейтарап жағдайына байланысты дәрігерлер кеңесі қатардағы Мұхтарды одан әрі оңалту үшін Астана қаласының бас әскери клиникалық госпиталіне ауыстыруды ұсынды", – делінген хабарламада. 

Адвокат Инга Иманбайдың айтуынша, Ербаянның анасы баласының ауыр жағдайына алаңдап, оны тасымалдаудан бас тартқан.

"Қазір әскерилер мен дәрігерлер бірінен соң бірі Ербаянның анасымен хабарласып, ауыр халде комада жатқан баласын санитарлық авиацияға келіспесе, ауруханадан шығарып тастаймыз деп қорқытуда", – деді адвокат. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды