1007

Павлодарлық Астана тергеу изоляторына резеңке тәпішкенің табанына тығып, телефон кіргізбек болған

Павлодар облысының тұрғыны Астанадағы тергеу изоляторына телефонын резеңке тәпішкенің табанына тығып кіргізбек болған. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Павлодарлық Астана тергеу изоляторына резеңке тәпішкенің табанына тығып, телефон кіргізбек болған
ашық дереккөзден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, телефон тығып кірмек болған күдікті жауапкершілікке тартылды.

Тамақпен бірге телефонды да өткізген болған адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, арнайы мекемелердегі адамдарға тыйым салынған заттарды, бұйымдарды беру" бойынша жауапкершілікке тартылды. 

"Астана қылмыстық іздестіру департаменті мен оның ведомстволық бағынысты бөлімшелері жүргізген кешенді шаралардың нәтижесінде елордалық тыйым салынған заттарды, оның ішінде ұялы телефондарды жеткізудің тағы бір арнасы жойылды. Басқа арналарды анықтау жалғасып жатыр", – деді елордалық қылмыстық іздестіру департаментінің басшысы Дәулет Рахымбеков.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор