«Бір күліп, төрт жылап жазды»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі марқұм анасына ән арнады (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
01.06.2024, 17:16
7582
«Бір күліп, төрт жылап жазды»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі марқұм анасына ән арнады (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

«Анамның ғұмыры қысқа болды» дейді Мөлдір Мұқанова.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова анасына жантебірентерлік ән арнады.

Өнер иесі небәрі 45 жасында өмірден өткен анасын сағынышпен еске алды.

«Анамның ғұмыры қысқа болғанымен, алты баласының жүрегіндегі өмірі ұзақ. Анамның күліп отырып жылап қоятын, жылап отырып күле салатыны есімде. Түсінбей қарап отыратын едім жүзіне. Сөйтсем, есейгенде өзің де сондай болып кетед екенсің ғой. «Анам да өз анасын сағынған-ау» деп қазір көп ойлаймын. Ана туралы ән болсын, әңгіме болсын, анам толқып отырушы еді.

Әркімнің сағынышы өз ішінде ғой. Біз де, бауырлар жинала қалсақ, көз жанарымыз жасқа да толатын кездер көп, анамыз небәрі 45 жасында өмірден озды. Фотолары да аз. Жақында бір іс-шара болғалы жатыр еді, бар фото видеоларды ақтарып отырып, жүрегім толқып, тамағыма жас тығылып отыр.

«Мама, мен сені жақсы көремін» деп айтқым келеді, құшақтап, кеудесіне басымды қойып, құшағында отырып «Мама, мен сені жақсы көремін» деп анамның өзіне айтқым келеді. Анамды сағындым…» деп жазба қалдырды Мөлдір Мұқанова.

Тұрсынбек Қабатовтың жан жары әнші Кеңес Әлімжанның репертуарындағы «Бозторғай ана» әнін тебіреніспен орындап, оқырмандарының ықыласына ие болды.

«Осы әнші студиямда бір күліп, төрт жылап отырып айттыңыз ғой. Біз де білдіртпей толқып отырдық. Алла өздеріңізге ұзақ ғұмыр берсін», «Жүрекпен айттыңыз, жүрегімізге жетті», «Анасы бар адамдар неткен бақытты», «Анаңыздың рухы пейіште шалқысын» деп тілек білдірді желі қолданушылары.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды