Атырауда балабақшалар қаржысын Qazna face қосымшасымен бақылауға болады

01.06.2024, 18:34
902
Атырауда балабақшалар қаржысын Qazna face қосымшасымен бақылауға болады Stonehouse Pictures

Атырауда балабақшаларға бөлінген қаржыны «Qazna face» қосымшасымен бақылауға алынады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенованың айтуынша, мұнайлы шаһарда мемлекеттік 45 балабақша бар. Жекеменшік 76 балабақша мемлекеттік тапсырыс аясында жұмыс істейді.

«Осы кезге дейін «Qazna face» қосымшасы пилоттық жоба ретінде екі балабақшада іске қосылып, оң нәтиже берді. Бұрын жергілікті бюджет есебінен берілген мемлекеттік тапсырыстың нысаналы мақсатында орындалғанынн анықтайтын функция болған жоқ. Атырау облысы әкімінің қаулысына сәйкес, жекеменшік ббалабақшалар ай сайын 7 897 тәрбиеленушінің әрқайсысына 53 мың 78 теңге көлемінде мемлекеттік тапсырыс алып отыр. Енді «Qazna face» қосымшасын барлық балабақшаға енгізіледі. Мақсат – жергілікті бюджет қаржысын үнемді жұмсау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Бұл мобильдік қосымшаны іске қоспай тұрып, өзіміз жүргізген мониторинг нәтижесінде бір аптада 2 млн теңгені жергілікті бюджетке қайтардық. Ал, «өлі жандар» дерегінің көбеюіне және 1 471 орынның бос тұруына байланысты конкурстық рәсімдер өткізілген жоқ. Бұл конкурстық рәсімдер 5 маусымда өткізіледі», -дейді Айнагүл Дүйсекенова.

«Qazna face» қосымшасы қаладағы №43 «Арман» балабақшасына пилоттық жоба ретінде енгізілген. Балабақша басшысы Гүлбаршын Қарабасованың айтуынша, қосымша мекеме басшысы мен тәрбиешінің мобильді телефонына орнатылады. Баланың денсаулығына қауіп төндірмейді.

«Біз бұл қосымшамен өткен жылдың қыркүйегінен бері жұмыс істеп келеміз. Қосымшаның негізгі мақсатына сәйкес, баланың балабақшаға келуін табельге түсіріп, қадағалап отырамыз. Қосымшадан баланың денсаулығына төнетін қауіп жоқ. Бала туралы мәлімет үшінші тұлғаға берілмейді. Ата-аналар да қосымшаны телефонына орнатуға келісімін берді», -дейді Гүлбаршын Қарабасова.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды