«Байыңды соттатып, не табасың?»: белгілі имам әйел-баланың құқығын қорғау заңына қарсылық білдірді

Аиса Махамбет Редактор
02.06.2024, 14:30
1211
«Байыңды соттатып, не табасың?»: белгілі имам әйел-баланың құқығын қорғау заңына қарсылық білдірді бейнежазбадан алынған кадр

Имам: «Әйелдердің өздері де шайтанымыз қойған кезде әйт деп тұратын еркек керек дейді».

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ел ішінде есімі белгілі имам Жарқын Мырзатаев Қазақстанда қабылданған әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау туралы заң елде ажырасу жағдайларын көбейтеді деп есептейді. Ол бұл туралы боксшы Айдос Ербосынұлының ютуб-парақшасына берген сұхбатында айтты.

– Ата-дәстүріміз керемет еді ғой. Әйел адам еркекке бағынғаннан қор болған жоқ-тұғын. Бірақ мына заңда баланы зорлық-зомбылықтан құтқару, әйелді құтқару деген сөз... Біз мектепте ұстаздардан таяқ жедік. Ол кезде біз үйдегілерге айтып бармайтынбыз. Сол кезде ашулатанбыз. Кейін рахмет айттық қой. Ұстаздарымыздан таяқ жегеннен кейін білімін алған жоқпыз ба? Үйде отырған кезде балам қателессе, құйрығынан шақ еткізіп ұра алмасам, несіне әкемін? Мен ұрам баламды. Балаң өрескел қателік жасап жатса, баланы шапалақпен құйрықтан ұру керек болады, – дейді имам.

Жарқын Мырзатаев бала әке-шешеден, ұстаздарынан қорықпағаннан кейін өздігімен білім алып, дамымайды. 

– Онсыз да қазіргі жастарды телефон тәрбиелеп жатыр ғой. Бұл заң қабылданбаса екен деп ойлаймыз, – дейді ол.

Имам бұл заң ажырасуды көбейтетінін айтады.

– “Осырақ шалым артық” деген баяғыдағы апаларымыз қандай еді, ә!? Күйеуіңді соттатып, жесір болып, неменеңмен жетіспексің!? Қартайған кезде ата мен апа боласың. Бала-шағаң көп жағдайда қарамайды сол кезде. Өзінің бала-шағасына әлек болып кетеді. Екеуің отырасың жыбыр-жыбыр етіп. Бір-біріңе керек боласың. Байыңды соттатып, жесір қылып, не бақытты күн кешпексің?! Әйелдердің өздері де “шайтанымыз қойған кезде әйт деп тұратын еркек керек” дейді. Еркегіңді соттатып жібергеннен кейін шайтаның сені толығымен билейін деп тұр ғой, – дейді ол.

Жарқын Мырзатаев әкенің шапалағын, мұғалімнен ұрсыс істеп көрмеген балалар ертең әскерге барып, жаумен соғыспайды дейді. “Біз балет бишілерін дайындап жатырмыз” деп есептейді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды